Қылмыс

Өркеннің өгей шешесі психиатриялық ауруханадан қашып кеткен

  • Өркеннің өгей шешесі психиатриялық ауруханадан қашып кеткен

    Өркеннің өгей шешесі психиатриялық ауруханадан қашып кеткен

Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында 11 жастағы мектеп оқушысы Өркен Азаматұлының өліміне қатысты іс жалғасын табуда. Өркеннің өгей шешесі Шарипа Ақбердиева сот алдында өз қылмысы үшін жауап берді, – деп хабарлайды Qasym.kz.

Сот барысында анықталғандай, қолын қанға малған өгей шеше Шарипа Ақбердиева 1994 жылы психиатриалық ауруханада ем қабылдаған. Кейін ол жерден қашып кетіпті. Бірақ дәрілерін қабылдауды тоқтатпаған. Ол бұл қылмысқа өзінің мүлдем қатысы жоқ екенін айтып отыр. Айтуынша, оның өгей баласын туған ұлы өлтірген екен.

«Оны Темір мен Кәдіржан өлтірді. Сосын Шымкентке кетіп қалды. Оларға қылмыс жасалған заттар салынған пакетті менің бергенім өтірік. Баланы бөлшектеңдер деп те айтқан жоқпын. Бәрі анықталған кезде оларға қоңырау шалып, Алматыға шақырып алдым», – деді Шарипа Ақбердиева.

Әйтсе де сотталушы Темир мен Кәдіржанды Өркенді өлтіруге не итермелегені туралы сұраққа жауап бере алмады. Айтуынша, ол жігіттерге енесін өлтіруді тапсырған. Кейін ойлағаны жүзеге аспаған соң Өркенді аңдыңдар деп бұйырған. Бірақ өлтіруге пәрмен бермеген.


«Қасым-ақпарат»




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.05.2017, 19:45

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30