Қылмыс

Өскеменде әжейді тонаушылардан құтқарған ер адам өлім аузынан қалды

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Өскеменде зейнеткерге шабуыл жасаған тонаушыларды ұстамақ болған ер адам өлім аузынан қалды, деп жазады YK-news.kz өңірлік басылымы.


11 желтоқсанда жергілікті тұрғын екі ер адамның 92 жастағы зейнеткер әжейдің әмиянын тонап жатқанын көріп, соңдарынан қуады. Әмиянда 4500 теңге болыпты. Батыл жігіт тонаушыларды ұстай алмады: олардың бірі пышақ сұғып алған.


Тонаушыларды полиция қолға түсірді. Ұсталғандардың бірі – 39 жастағы ер адам, бұрын төрт рет сотталған. Екіншісі – 50 жастағы азамат, жеті рет сотталыпты.


Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, зейнеткерге көмектеспек болған тұрғын марапатталуы мүмкін.


Sputnik


 


 




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

жұма, 29.12.2017, 14:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30