Қылмыс

Өскемендік ару құрбысының көзінше қол көтерген күйеуін пышақтап тастады

  • Өскемендік ару құрбысының көзінше қол көтерген күйеуін пышақтап тастады

    Өскемендік ару құрбысының көзінше қол көтерген күйеуін пышақтап тастады

 Өскеменде құрбысының көзінше әйелін шапалақпен тартып жіберген ер адамның басы бәлеге қалды. Жан жары оны осы қылығы үшін кешірмей, екі жерден пышақ сұғып алған деп хабарлайды ustinka.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.


Ерлі-зайыптылардың арасындағы түсініспеушілік түн уақытында, Сәтпаев даңғылының бойындағы үй аулаларының бірінде болған. Белгілі болғандай, өскемендік жас ана құрбыларымен бірге кездесіп, көңіл көтермек болған. Алайда оның күйеуі "келіншегінің үйге қайтуын талап етіп", әйеліне үздіксіз қоңырау шалып, маза бермеген көрінеді.


Ішімдік ішкен әйел, күйеуінің өтінішін орындап, үйге құрбысымен бірге келеді. Сол мезетте үйде екі баласымен күтіп отырған жолдасы әйелімен ұрысып, жанжал шығарады. Ашуға булыққан ер адам ақыры пәтерде қонбаймын деп, үйден сыртқа шығады. Ал, тыста ол әйелінің құрбысын көріп қалады. Азаматпен онымен де жанжалдасып, шу шығарады.


Сырттағы дау-дамайды естіген келіншек үйден шыққаны сол еді, күйеуі оны шапалақпен тартып жіберген көрінеді. Бұған шыдамаған әйел, көліктен пышақты алып, күйеуін екі жерден пышақ сұғып алады.


Абырой болғанда ер адам аман қалған. Өскемен қаласының № 2 cоты әйелді 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Арадағы түсініспеушілікке қарамастан ерлі-зайыптылар бір-бірін кешірген екен.


NUR.KZ.




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.04.2018, 17:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31