Қылмыс

Өзі болмаса да, Әблязовтың Алматыда соты басталды

  • Өзі болмаса да, Әблязовтың Алматыда соты басталды

    Өзі болмаса да, Әблязовтың Алматыда соты басталды

Алматыда қашқын банкир Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қатысты алдын ала сот отырысы өткізілді. Айыпталушылар орындығында БТА банкінің бұрынғы топ-менеджерлері Жақсылық Жарымбетов, Қайрат Садықов, Сәдуақас Мәмеш бар. Тек қашқын олигархтың өзі жоқ. Сотта оның құқығын мемлекет тағайындаған адвокат қорғап жатыр, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Мұхтар Әблязовқа - ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды, қылмыстық жолмен тапқан қаржы мен мүлікті заңдастырды, қызмет бабын асыра пайдаланды және банк қаражатын заңсыз жұмсады деген алты бап бойынша айып тағылған. Қалған үшеуі де осы баптардың біразы бойынша жауап береді. Бірақ өздері тек басшылықтан түскен бұйрықты орындадық деп ақталуға тырысты. Ал осы қылмыстық топтың келтірген шығыны анау-мынау емес 1 триллион 557 млрд теңге. Осынша ақшаны Әблязов пен сыбайластары ұрлағанын енді сотта 3 бірдей мемлекеттік айыптаушы дәлелдеп шығуы тиіс. Жалпы 2224 томды құрайтын қылмыстық іс бойынша 205 куәгерден жауап алынбақшы. Соған қарағанда, процесс ұзаққа созылатын сыңайлы.


Нұрлан Өстеміров, Ж. Жарымбетовтың адвокаты:


- Былай қарағанда, бұлардың істегені қылмыс емес. Әркім өз міндеттерін атқарған. Ал, егер мәселеге үңіліп қарасақ, сыбайласып заңсыз әрекет жасаған. Әблязов мұндай істің шебері. 


Көрілген: 348    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 17.03.2017, 21:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31