Қылмыс

Өз ұлын бірнеше жыл бойы зорлап келген мектеп директорына үкім шықты

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Алматы облысында мектеп директоры өз баласын бірнеше жыл бойы зорлап келген, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz  тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талғар қаласында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық жылжымалы сотында Талғар ауданының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.


Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") және 107-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша айыпталған. Қылмыстық іс материалдары бойынша, айыпталушы өз ұлына қатысты бірнеше жылдан бері сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Сот үкімімен ер адам айыпты деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.


Ол өмір бойына педагогикалық қызметтерге, кәмелет жасына толмағандармен жұмыс істейтін орындарға орналаса алмайды. Педофил барынша қауіпсіздендірілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.


Үкімнің әзірше заңды күшіне енбегені айтылады.

 




Көрілген: 900    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.12.2017, 14:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31