Қылмыс

Павлодарда 19 жастағы жігіт кішкентай қызды зорлаған

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

19 жастағы жігіт бала зорлағаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.


Ер адам "кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлық" және "Бірнеше рет, көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас" баптары бойынша айыпталған.


"Сот 1999 жылы туған павлодарлық тұрғынды қылмыс жасады деп таныды. Сот үкімімен оған 16 жылға бас бостандығынан айыру, өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру, кәмелетке толмағандармен байланысты жұмысқа орналасу құқығынан айыру, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың тәртібіне қатысты қандай да бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалары тағайындалды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.


Азғын жазасын барынша қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.


Сондай-ақ, сот оны жәбірленуші тараптың заңды өкіліне 500 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттеді.


Сот процесі жабық тәртіпте өтті.


Сот мәліметіне қарағанда, ер адам баланы өткен жылдың күзінде зорлаған. Айып тағылғаннан кейін ер адам қамауға алынған.

 




Көрілген: 768    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.05.2018, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31