Қылмыс

Павлодарда Instagram-да тікелей эфирде болған дау адам өлімімен аяқталды

  • Павлодарда Instagram-да тікелей эфирде болған дау адам өлімімен аяқталды

    Павлодарда Instagram-да тікелей эфирде болған дау адам өлімімен аяқталды

авлодар қаласының 21 жастағы тұрғыны Омбы мемлекеттік университетінің екінші курс студентін өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.


Қаза тапқан студент Павлодар қаласының тумасы. Ол үйіне қыстық жылы киімдерін алып кету үшін үш күнге келген.


29 қазанда ол достарымен бірге көңіл сергіту үшін түнгі клубқа барады. Олармен бірге үш таныс бойжеткен де демалған. Таңғы сағат төртте қыздар үйлеріне қайтпақ болады. Сол кезде студенттің досы танысына хабарласып, қыздарды үйіне жеткізіп салуын сұрайды. Танысы бұл өтінішіне келіседі. Көлікке отырған кезде қыздардың біреуі ұялы телефонындағы Instagram парақшасына кіріп, тікелей эфир функциясын қосады.


Қыздың үйінде ішімдік ұрттап алып, демалып жатқан танысы да сол кезде тікелей эфирге шығып, не себепті таңға дейін ұйықтамай жүргенін айтып, наразылық білдіреді. Осы сәтте көлік жүргізушісі тікелей эфирге шыққан жігіт бойжеткенге кім болып келетінін, не себепті ол қызды қадағалап отырғанын сұрайды. Сөйтіп жүргізуші мен қыздар арасында келіспеушілік туындап, қыздар көліктен түсіп қалады.


Бұл көлікте омбылық студент те отырған. Жолда жүргізушіге тікелей эфирге шыққан жігіт хабарласып, оның нөмірін көліктен түсіп қалған таныс қыздан алғанын айтады және не себепті қыздарды үйге дейін жеткізіп салмағанын сұрайды. Ақыр соңында ол көзбе-көз сөйлесу үшін көлік жүргізіп отырған жігітті үй ауласына шақырады. Жүргізуші қасындағы жолаушыларға бұл ұсыныс туралы айтады. Олар хабарласқан жігіттің үйінің жанынан өтіп бара жатқандықтан, үй ауласына кіре салады.


Қыздың танысы кездесуге өзімен бірге жиналмалы пышақ алып шығады. Аулада дау-дамай қыза түсіп, жанжал шығарушының айтқан сөзіне студент жігіт күліп жібереді. Оның бұл әрекеті қыздың танысының ашуын келтіріп, негізі көлік жүргізушісімен сөйлесіп тұрғанын ұмытып, студентке мінез көрсетеді.


Ол студентті балағаттап, кенеттен қолындағы пышақпен мойын мен кеуде тұсын ұрады. Студент одан қорғанбақшы болады. Оған танысы көмектесіп, қолында пышағы бар жігітті аяғынан шалып құлатады. Жігіттердің көлікке қарай кетіп бара жатқанын көрген қыздың танысы студентті ұстап алып, пышақпен тағы бірнеше мәрте ұрады.


Таныстары зардап шегушіні ауруханаға жеткізгенмен, ажал аузынан арашалап қала алмады. Медицина қызметкерлерінің тұжырымы бойынша, студенттің өліміне пышақтан жарақаттану нәтижесінде көп қан жоғалтуы себеп болған.


Айыпталушы павлодарлық дәмханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істеген. Бұған дейін істі болып көрмеген.


Бастапқыда ол бұзақылық пиғылда адам өлтірді деп айыпталды. Ол бап бойынша оған 15-20 жыл аралығынан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Бірақ сот айыпталушы ісін қайта қарап, «бұзақылық пиғылда» деген тармақты алып тастады. Осылайша сот айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қауіптілік деңгейі жоғары түзету мекемесінде жазасын өтейді.


Бас бостандығынан айырылу жазасымен қатар, ол өлтірген студенттің жақындарына 1,5 миллион теңге моральдық шығын, 1 миллион 602 мың теңге көлемінде материалдық шығын және 206 мың теңге көлемінде сот шығынын өтейді.




Көрілген: 623    Пікірлер: 0

жұма, 13.04.2018, 18:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30