Қылмыс

Павлодарда жас жігіт қыз үшін төбелескендерді ажыратамын деп қаза болды

  •  © 24.KZ

    © 24.KZ

Төбелес кезінде пышақ жарақатын алған 19 жастағы Павлодар тұрғыны ауруханада көз жұмды деп хабарлайды "Павлодар Онлайн"-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.


Бұл туралы басылымға куәгерлер хабарлаған. Павлодар облыстық ІІД Камзин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында кісі өлімі болғанын растап отыр.


"2017 жылдың 29 қазан күні таңғы 5-тер шамасында төбелес кезінде 21 жастағы жігіт өзге жігітке пышақ салған. Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ведомствоның ресми сауалға берген жауабында.


Ал куәгерлердің айтуынша, жастар арасындағы жанжал қызғаныштан туындаған.


"Бойжеткен Instagram парақшасына өзге жігітпен түскен суретін салып қойған. Бұны қыздың сүйіктісі қызғанып, қарсыласын кездесуге шақырып, өзі сол жерге достарымен бірге барады. Содан үшеуі бір жігітке жабылып, салдарынан төбелеске қатыспаған 19 жастағы жігіт қаза болды. Ол төбелесіп жатқандарды ажыратпақшы болып, нәтижесінде бірнеше пышақ жарақатын алған", - дейді агенттікке куәгерлер.


Айта кетейік, қаза болған жігіт Омбыдағы жоғары оқу орындарында оқиды. Ал Павлодарға демалыста туыстарына келген. 




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.11.2017, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30