Қылмыс

Павлодарда кафеге келушілерді соққыға жыққан полицей сотталды

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Павлодарда кафеге келушілерді соққыға жыққан полицейге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.


Павлодарда 25 жастағы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Оған қызметтік бабын асыра отырып, күш қолданды деген айып тағылған. Сот үкімі бойынша, айыпталушы кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде сотталды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот бұрынғы полицейдің кінәсін мойындауы мен кәмелетке толмаған балаларының барын есепке алды.


Мұның алдында полицей прокурормен процессуалды келісімге келіп, кінәсін мойындаған болатын. Ал төрт зардап шегуші полицейге арызы жоғын айтқан.


Іс материалы бойынша, 25 жастағы полицей әріптестерімен бірге төрт адамның төбелесуіне қатысты шақыртуға келген. Оларды ұстау кезінде полицей ер адамдарды рәзіңке таяқпен аяусыз ұрған.


Тамыз айында полицей қамауға алынған болатын. Кейін ол үшін 1,1 миллион кепілақы беріліп, оны үйіне жіберген болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткеннен кейін, ол облыстық жеке қауіпсіздік басқармасына өз еркімен келген.


Іске қатысты өзге төрт полицей жұмыстан қуылды.


Еске салайық, бірнеше полицейдің ер адамдарды ұрып жатқан видео 11 тамызда таралып кетіп, қоғамда үлкен дау тудырған болатын. Видеода полицейлердің ер адамдарды қызметтік көлікке отырғызбақ болған кезде, ер адамдардың қарсыласқанын көруге болады. Осыдан кейін күдіктілерді ұстау полицейлермен төбелеске айналып кетті.




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.11.2017, 18:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31