Қылмыс

Павлодарда мешітте ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды

  • Павлодарда мешітте ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды

    Павлодарда мешітте ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды

Павлодар қаласының тәртіп сақшылары мешітке келген адамдардың қалтасынан ақша ұрлап жүрген ұрыны қолға түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ведомствоның хабарлауынша, полицияға жергілікті мешіттердің біріне барып жүретін екі адам арызбен жүгінген. Олардың айтуы бойынша, белгісіз адамдар мешіттің киім ілетін орындарында ілулі тұрған күртешенің қалтасынан ақша, банк карталарын және басқа да бағалы заттарды ұрлаған.


«Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар оның күртешесінен былғары портмоне, 60 мың теңгеге жуық ақшалай қаражат және құжаттарды ұрлаған. Бірнеше күннен кейін полицияға осыған ұқсас арызбен тағы бір жәбірленуші жүгінді. Ол жергілікті мешіттердің бірінде барсеткасының, 15 000 теңге ақшасының ұрланғанын айтты», - деп хабарлайды Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметінен.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 1994 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан.


«Тергеу барысында күдіктінің мешітке кіріп, келушілердің аңқаулықтарын пайдалана отырып, кіре берісте тастап кеткен сыртқы киімдердің қалтасынан ұрлық жасағандығы анықталды. Кейін көзге түспей қылмыс орнынан ізін суытқан. Қазіргі уақытта полицейлер оның облыс орталығы аумағында жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде», - делінген хабарламада.


Аталған жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


 




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

жұма, 22.12.2017, 21:18

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30