Қылмыс

Павлодарда шенеуніктер 13 жыл бойы зейнетақыны "сатып келген"

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Павлодар облысында шенеуніктер 13 жыл бойы "зейнетақыны сатып келген". Бұл туралы Ұлттық бюроның   Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады.


Ведомство мәліметінше, облыстық "Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті басшысының орынбасары Лукашова, Павлодар облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бөлім басшысы Смағұлова және тағы басқа тұлғалар аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлаған.


"Қызметкерлер ұзақ уақыт бойы 2005 жылдан бері жүйелі түрде өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, 300 мың теңгеден бастап 1 миллион теңгеге дейін заңсыз түрде зейнетақы рәсімдеп келген. Бірақ ол тұрғындар әлі зейнет жасына жетпеген болып шықты", - деп хабарлады Ұлттық бюро өкілдері.


50-ден аса жалған зейнеткері анықталған. Осылайша мемлекетке 120 миллион теңге көлемінде залал келтірілген. Зейнетақы құжаттры жалған құжаттармен жасалған.


"2018 жылдың 15 мамырынан бастап Смағұлова үй қамауына алынды. Ал Лукашова 31 мамырда қамауға алынды. Қазіргі уақытта айыптау актісі бар қылмыстық іс прокуратураға жолданды", - деді ведомство өкілдері.

 




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.07.2018, 20:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30