Қылмыс

Павлодарлық полицейлер ұрланған көлікті соғып тоқтатты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Павлодарлық тәртіп сақшылары «Toyota Carina» автокөлігін тізгіндеп кеткен жүргізушіні әрең тоқтатты. Пәрменге құлақ аспаған көлік жүргізушісін тәртіп сақшыларына көлігімен соқтығысу арқылы тоқтатуға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 3 желтоқсанда тіркелген. Павлодар қаласындағы ІІБ-ның «102» нөміріне Сәтбаев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан «Toyota Carina» автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Құқық қорғаушылар бірден ұрланған автокөлікті іздеуге кіріскен.


«Тиісті хабарламаны алғаннан кейін 636 жол-патрульдік батальонының полиция патрулі іздеу жарияланған автокөлікті көріп қалған. Тойота аса жоғары жылдамдықпен келе жатқаннан кейін тәртіп сақшылары оны бірден тоқтату шараларын қолға алған. Алайда көліктің жүргізушісі «тоқта» деген пәрменді елемей, қозғалысты жалғастыра берген. Полиция экипажы оның соңына түсіп, жоғары дауысты байланыспен және жарық сигналымен бірнеше рет тоқтау туралы пәрменді қайталаған», - делінген хабарламада.


Полицияның ескертуіне қарамастан автокөлік жүргізушісі жоғары жылдамдықты бәсеңдетпей, адамдардың өміріне қауіп төндіріп, жағдайды ушықтара түскен.


«Теплов-Сәтбаев көшелерінің қиылысында құрамында полиция сержанттары Нұрбек Үндерім мен Руслан Зейноллинов болған 631 автопатруль жүйткіп бара жатқан көлікті көріп қалып, мәжбүрлі түрде тоқтатуға шешім қабылдап, оған соқтығысқан. Полиция көлігімен соқтығысқаннан кейін ғана көлік жүргізуші тоқтаған», - дейді ІІД баспасөз қызметі.



«Toyota Carina» автокөлігін ұрлап тізгіндеп кеткен облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тексеру кезінде дәрігерлер оның орташа деңгейде мас болғанын анықтаған.


Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (көлік ұрлау) мен 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



 




Көрілген: 263    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 05.12.2017, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31