Қылмыс

Прокурор «Әділ Қытай» тобының серкелерін 20 жылға түрмеге қамауды сұрады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Прокурор «Әділ Қытай» қылмыстық тобының серкелерін 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Әділ Қытай» ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық серкелерінің ісі қаралды. Отырыста мемлекеттік айыптаушы басты сотталушы Әділжан Зайнаудинге жаза қолдануды сұрады.


«ҚР ҚК 58-бабына сәйкес жазаны ішінара қосу арқылы 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Сонымен қатар, оның қылмыстық жолмен жинаған мүлкін тәркілеуді сұраймын», - деді прокурор Әмір Әлмұханов.


Сотталушының балалары Мехришат Зайнаудин мен Бахтишат Аруповты 2,5 және 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Барлығы сот алдында 12 сотталушы жауап беріп жатыр.


Әділжан Зайнаудинов бірқатар қылмыс бойынша: қылмыстық топ құру, адам денсаулығына нұқсан келтіруге немесе өлтіруге қорқыту, алаяқтық, адам өлтіру, пара беру сияқты қылмыстар бойынша айыпталып отыр.


Айта кету керек, былтыр 30 мамырда ҚР ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық мүшелерін ұстаған болатын. Ұсталғандардың арасында Әуезов аудандық ІІБ басшысы Бақыт Қасабеков болған.


Полиция қызметкері ұйымдасқан қылмыстық топты қорғағаны үшін 5 жылға сотталған еді.

 




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.08.2018, 15:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31