Қылмыс

Прокурордың тосын сұрағы Бишімбаевтың ашуына тиді

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Сот алдында жауап беріп жатқан Қуандық Бишімбаев прокурормен салғыласып қалды. Экс-министрдің шамына тиген Қосшы ауылындағы зәулім коттеджге қатысты сұрақ.


Тіпті, бұған жауап беруден бас тартып, ашуға булыққан Бишімбаевты судьяның сабасына түсіруіне тура келді. Сондай-ақ, Бишімбаев бүгін өзіне жемқорлыққа қарсы Бюроның қысым көрсеткенін айтты. Әрі қылмысты мойындатпақ болған тергеушілердің атын атап түсін түстеп берді.


Қуандық Бишімбаевтан бүгін осымен екінші күн жауап алынып жатыр. Судья, прокурорлар мен адвокаттардың қарша бораған сауалдарына тоқтамай жауап беріп жатқан экс-министр тергеу кезіндегі біраз заңсыздықтарды да жіпке тізіп берді. Мәселен, қамауға алынған алғашқы айда Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро басшыларының бірінен қысым көрдім дейді Бишімбаев. Айтуынша, ұсталған бойда оны жеке кабинетке апарып, қорқытып, кінәсін мойындатпақ болған.


-Да, меня приглашали на встречи без адвокатов к Олесе Кексель. Это было в присутствии моих адвокатов. Они могут подтвердить. Заходим Дамир Бахытов и говорит: Олеся Кексель хочет с вами поговорить, один на один. И вот на таких встречах говорится: если вы не признаетесьвам дадут по максимуму. Признайтесь! Признайтесь!


Бұдан соң, прокурорларды Бишімбаев алған парасына салды деген коттедж көбірек қызықтырды. Яғни, ондағы саунаға экс-министрдің кімдермен барғаны және үйдің қалай салынғаны сұралды. Бірақ, бұл сауал Бишімбаевты қатты ашуландырып жіберді. Тіпті, прокурормен салғыласқан экс-министр екі қабатты зәулім сарайға қатысы жоғын айтып, онда тек моншаға түсуге барғанын айтып ақталды.


-Меня задерживают на оснований показаний Анарбай, Сапарымбетова и Айтимбетова. Людей, которых я никогда не видел и не имел разговора. Которые что-то сообщают, а ничего не могу сказать. Единственный человек, который может что-то сказать, он говорит, что я не причастен, а меня закрывают в ИВС.


-Бишимбаев, вы свою речь убавьте на тон, пожалуйста.


Ашуға бой алдырған Бишімбаевты судьяның сабасына түсіруіне тура келді. Бірақ, мұнымен сұрақ біткен жоқ. Тіпті прокурор экс-министрдің қамауға алынған сәтте бағынбағанын айтып шағымданды.


- В материалах уголовного дела следует, что вы вели себя в момент задержания свободно. Позволяли себе курить в здании. Даже срабатывала сигнализация. Не хотели выезжать на допросы на газели, ссылаясь на то, что жаркая погода.


-Бірақ, Бишімбаев көлікке отырмауының себебін, машинаға адамның екі есе көп тиелгенімен түсіндірді. Жалпы, Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталған экс-министрге қойылар сұрақ көп. Сондықтан одан жауап алу ертең де жалғасады. 


ktk.kz




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.01.2018, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30