Қылмыс

Ресейлік әйел 11 жасар қызын Қазақстанға әкеліп, сығандарға сатып жіберген

  • Ресейлік әйел 11 жасар қызын Қазақстанға әкеліп, сығандарға сатып жіберген

    Ресейлік әйел 11 жасар қызын Қазақстанға әкеліп, сығандарға сатып жіберген

Теміртауда адам саудасының құрбандарына арналған үй өз жұмысын тоқтатты. Осыған дейін жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіліп келген орталыққа биыл қаражат бөлінбеген деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.


Адам саудасының құрбандарына арналған үй жеті орынға шақталған. Алайда мұнда келушілер саны өте көп.


Ресейден келген Иринаны 11 жасында өз анасы сатып жіберіпті. Ол сығандардың қолында соқыр шал мен науқас балаға қараған. Алтыншы сыныпты бітірген соң "үйіндегілер" оқытпай қойыпты.


Ирина 18-ге келгенде оның көршісі қамаудан қашуға көмектеседі. Көшеде жүріп бір жігіттен бала туған. Алайда олар отбасын құрмапты.


Құлдықта болған арудың ресейлік құжаты бар. Бірақ әлі күнге дейін баласын тіркей алмай жүр.


Қамқорлық үйінің басшысы мұндай жандардың елімізде көп екенін айтады.


"Бізде отбасымен түгел құжат ала алмай жүрген жандар бар. Олардың барлығы адам саудасының құрбаны болғандар", - дейді Оксана Тарабукина.


Кризистік орталық жабылған соң директор құжатсыз қалғандарға үй жалдап, төрт айлық ақысын төлеп берген Ал одан кейін жағдайлары қалай болатыны әзірге беймәлім.


NUR.KZ




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

сенбі, 06.01.2018, 23:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31