Қылмыс

Рухани жаңғыру сот саласына серпін берді

  • Рухани жаңғыру сот саласына серпін берді

    Рухани жаңғыру сот саласына серпін берді

Қоғам тепе-теңдігін сақтау мен еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуы барысында сот жүйесінің рөлі жоғары екенін аңғарамыз. Сондықтан мемлекет басшысының халыққа жолдаған Жолдаулары мен Үндеулерінде сот саласы, заң және құқықтық жүйе ерекше аталып өтіледі. Осы орайда мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында сот жүйесі саласына да нақты міндеттер қойылса, осы үшінші жаңғырудың нақты тетігі, кілті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласында нақты бағыт бағдар айқын көрінеді.

Рухани жаңғыру арқылы сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату көзделіп отыр. Ал бұл үдерістен сот саласы қалыс қалмауы керек.

Ұлттық сананың өзегін сақтай отырып, заманауи сот жүйесін жетілдіруге, жаңғыртуға болатынын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Мәселен дәл қазіргі таңда сот саласында кеңінен қолданылып қана қоймай, сұрнысқа ие екенін күн өткен сайын дәлелдеп келе жатқан әдістердің бірі бітімкершілікке келу әдісі болып отыр. Батыс елдерінде енді ғана еніп, дәріптеліп жатқан жүйе қазақ тарихында ежелден бар екені және ел басқаруда тиімді құрал болғанын тарихтан білеміз. Қазақ өміріндегі бітімгершілік тұрғысынан маңызды рөл атқарған дәстүрлі билер соты рухани жаңғырып, заманға сай бейімделіп, бүгінгі күні сот саласында қайта еніп отыр. Ұлтымызда әлемде теңдесі жоқ билер соты, құқықтық институт болғаны еліміздің құқық саласының тамыры терең екенін аңғартады. Осы орайда жақында ғана ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов мырзаның даулы мәселелерді сотқа жеткізбей-ақ бейбіт жолмен шешуге шақыруы жүйенің қаншалықты тиімді екенін аңғартады. Яғни Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асановтың «Татуласу – дауды шешудің ең тиімді тәсілі» атты мақаласы да Елбасының Ұлттық жаңғыруымен үндесіп жатыр. Әлемдегі дамыған елдерде даулы істердің 70-80 пайызы сотқа жетпей бітімге келу жолымен шешіледі екен.

Құқықтық жүйенің жаңғыруы, ең алдымен, қазақ халқына дамудың тарихи түп-тамырларына жүгінуді, адамгершілік, заңға мойынұсынушылық, әділдік және қазақ халқының тіршілік әрекетінің құқықтық саласына ежелден тән болған басқа да әлеуметтік құндылықтарын жаңғыртуды қажет етеді. Осы бағытта атқарылып жатқан істер аз емес.

Соттар қоғамдық қауіптілігі төмен экономикалық қылмыс құрамдарын қылмыссыздандыру, мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіре отырып, аз көлемде айыппұл салу институтын қайта қалпына келтіру мәселелеріне көңіл бөліп отыр. Бұл шын мәнінде еліміздің құқықтық саласының заманға сай жаңғырып жатқанының айғағы. Жүйедегі өзгерістер саланы дамытуға тиімді әсер етіп жатқанын тәжірибе көрсетіп отыр.

Қазіргі жаһандану дәуірінде біз жат идеологиялардың ықпалына тек өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды на¬си¬хаттау ар¬қылы ғана төтеп бере аламыз. Сон¬дық¬тан да қазақ халқының бай тарихи мұ¬ра¬сын, жылдар бойғы озық дәстүрлі жүйелерін сақтай отырып, еліміздің кемел ұлт дәржесіне жететініне сенеміз. Осы орайда Қазақстанның дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін рухани жаңғыру басты бағыттардың бірі болып табылады.

Жанат Бекжанов, Бостандық аудандық №2 сотының төрағасы




 




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.04.2018, 11:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31