Қылмыс

Салымшылардың 120 млн теңгесін қолды еткен банк басшысы мен қызметкерлері ұсталды

  • Көрнекі фото: liter.kz

    Көрнекі фото: liter.kz

Түркістан облысында банкті тонаған банк қызметкелерінің қылмысы әшкере болды. Салымшылардың ақшасын жымқырған қаржыгерлер қылмыстық топ құрып, 120 000 000 теңгені қаржыны қолды еткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Депозиттен ақша жымқырғандар Мақтарал ауданындағы Халық банкінде жұмыс істеген. Салымшылардың ақшасын ұрлағандар арнайы қылмыстық топ құрып, ұжым болып арам ойын іске асырыпты.


Қылмыскерлердің арасында банк басшысы да бар. Қол астындағы қызметкерлермен сөз байласқан банк басшысы салымшылардың ақшасын оңай жолмен қолды еткен.


Тергеу барысында анықталғандай, бұл іске қатысы бар бес қызметкердің кінәсі дәлелденіп, олар үш жыл қатарынан Халық банкіне ақша құйған салымшыларды қаржысын ұрлап келіпті.


"Тергеу барысында тергеушілер қылмыстық істі жан-жақты зерделеп, анықтау үшін тыңғылықты жұмыс атқарды. Осы мақсатта аудиторлық тексеру, қолтаңбалық, сот-экономикалық бірнеше сараптамалар тағайындалып және тергеу барысында барлық қажетті іс-шаралар жасалынды.


Полицейлер 5 банк қызметкерінің кінәсін толық дәлелдеп шықты. Олардың барлығы да алдын-ала сөз байласып, қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асырып отырған.


Үш жыл көлемінде банк клиенттерінің қолтаңбасын жалған жасап, ақшаларын иемденіп отырған", - дейді Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.


Банкті тонаған банк қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденгені үшін Үкібаев Әжібек пен Сауранбаев Талғат 7 жылға бас бостандығынан айрылды.


Ал, Алтенов Сакен, Қалибаева Бақтыгүл және Айтөреева Айшолпанға сот шартты түрде жаза тағайындады. 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2018, 15:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31