Қылмыс

Семей қаласында зейнеткерді алдап соққан ер адам сотталды

  • Семей қаласында зейнеткерді алдап соққан ер адам сотталды

    Семей қаласында зейнеткерді алдап соққан ер адам сотталды

Семей қаласында ер адам «Халық банк» бөлімшесіне келген қарт кісіге «зейнетақыңызды шығаруға көмектесейін» деп алдап, 62 мың теңгені қалтасына басқан. Оқиғаның мән-жайы Семей қалалық №2 сотының іс-материалдарында баяндалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі buqara.kz сайтына сілтеме жасап.


Оңай жолмен ақша таппақ болған 28 жастағы жігіт Әуезов даңғылында орналасқан «Халық банк» бөлімшесіне барады. Егде жастағы әйел адамның қасына таяп, ілтипат көрсеткен семейлік көмек қолын созғысы келетінін айтып сендірген. Алайда айласын асырған алаяқ 62 400 теңгені зейнеткердің шотынан шығарып алып, тайып тұрады.


Арада бір аптаға жуық уақыт өткенде бұрын сотты болған ер адам тағы да бір адамды алдап соғады. Бейтаныс әйелді әңгімеге тартқан ол «Сіздің қызыңыз менің анама ақша қарыз» деп 15 мың теңгені алдап алған.


Осыған байланысты сот ісі Семей қалалық №2 сотында қаралды. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындаған. Сот үкімі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылған сотталушы 3 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді.


 




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 21:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31