Қылмыс

Семейде жас жігіт әкесін балғамен ұрып өлтірді

  • Семейде жас жігіт әкесін балғамен ұрып өлтірді

    Семейде жас жігіт әкесін балғамен ұрып өлтірді

Семейде жігіт әкесімен сөзге келіп қалып, балғамен аяусыз ұрып тастаған. Алған жарақаты салдарынан ер адам ауруханада көз жұмды. Баласы әкесін ішкені үшін ұрған екен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.


24 жастағы жігіт бақшаға көмектесу үшін әкесіне үш күн қатарынан келеді. Осы үш күн бойы әкесі ішімдік ішіп жатқан. Әке мен баланың арасында жанжал шығып, баласы әкесінің кеудесінен ұрып жіберген. Ол жерге құлап түседі, сол кезде жігіт қолына түскен балғаны әкесіне жіберіп қалады. Балға ер адамның басына тиеді. Жігіт әкесінің есінен танып қалғанын көріп, көмек шақырады.


Зардап шегуші ауруханаға жатқызылады. Бір апта ес-түссіз жатып, қайтыс болған. Сотта жігіт өзін қорғамақ болып, қолына балға алғанын айтқан. Оның сөзінше, әкесі оны қылқындырмақ болыпты. Бірақ сот сараптамасы жас жігіттің денесінен ешқандай зақым таппаған.


Сот барысында қаза болған ер адамның ағасы сотталушыны қатаң жазаламауды сұрайды. Айыпталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.


 




Көрілген: 793    Пікірлер: 0

жұма, 20.10.2017, 19:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31