Қылмыс

Шағым берудің мерзімі бар ма?

  • Шағым берудің мерзімі бар ма?

    Шағым берудің мерзімі бар ма?

Мен құқымның бұзылуына байланысты шағым берейін деп едім. Сұрайын дегенім, шағым берудің белгілі бір мерзімі бар ма, ертең мерзімін өткізіп алғанымды айтып, шағымымды қабылдамай қойып жүрмей ме?


Қуаныш ӘБУБӘКІР


Жоқ, шағым беру мерзімін өткізіп алу, шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодек­сінің 827­бабының талабына сай, әкімшілік құқық­ бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жоғары тұрған органға (лау-

азымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Әкімшілік құқық саласында шағым беруді реттеу мәселесі төңірегінде шағымды беру мерзімі ерекше реттелген. Бұл ретте адам өз құқықтарының бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап, екі ай ішінде жоғары тұрған органға немесе сотқа шағыммен жүгіне алады. Шағым жазбаша немесе ауызша беріледі. Бұл ретте ауызша шағымдарды рәсімдеуге тоқталсақ, олар міндетті түрде процессуалдық тұрғыдан хаттамаға енгізілуге тиіс және оған арыз келтіруші тұлға және шағымды қабылдаған лауазымды тұлға қол қою керек. Тәжірибе жүзінде осы аталған рәсімнің сақталмауы шағымның келтірілгеніне күмән туғызады. Ал, жазбаша шағымдар жалпы тәртіп бойынша қағаз жүзінде жазбаша түрде немесе қазіргі кезде кең қолданыс тауып келе жатқан электронды поштамен шағым келтірушінің жеке кілтімен бекітілген электронды қолымен де берілуі мүмкін. Сонымен қатар, шағым берушіге шағымын қайтарып алу құқығы да берілген 




Көрілген: 636    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.11.2017, 17:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30