Қылмыс

Ішкі істер министрлігі Мұратхан Тоқмадидің мәлімдемесін тексереді

  • © bureau.kz

    © bureau.kz

Ішкі істер министрлігі сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмадидің "Тұран Әлем банкі" АҚ төрағасын өлтірдім деген мәлімдемесін тексереді, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.


КТК арнасында шыққан фильмде Мұратхан Тоқмади "Тұран Әлем банкі" АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындайды. Ол Тәтішевті қашып жүрген банкир Мұхтар Әбілязовтың тапсырысымен өлтіргенін, ал 2004 жылы өзінің досын өлтіргені үшін кінәсіз деп танылу үшін тергеуді сатып алғанын айтады.


"БАҚ-та 24 қазанда шыққан Мұхтар Тоқмадидің мәлімдемесі бойынша ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті басқа құқық қорғау органдарымен өзара әрекет ете отырып, тиісті тексеріс жүргізеді", — деп хабарлады Садубаев.


Еске сала кетсек, "КазСтройСтекло" зауытының басшысы 51 жастағы Мұратхан Тоқмади 12 маусым Алматыда арнайы операция кезінде "ірі көлемдегі мүлікті иелену мақсатымен бопсалады" деген күдікпен ұсталды. Ресми мәлімет бойынша, Тоқмади 2005 жылы аты-жөні анықталмаған адамдармен сөз байласып, "Семрюжком" мен "КазСтройСтекло" компанияларының құрылтайшысына күш көрсету арқылы бопса жасап, аталған кәсіпорындардағы жарғылық капиталының үлесін иеленген.


Сондай-ақ оған қылмыстық кодекстің 87-бабының 4-тармағы, яғни қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша айып тағылды.

Мұратхан Тоқмади тергеумен кінәсін мойындау туралы келісімге келген. Сот шешімімен кәсіпкер үш жылға сотталды.


Sputnik




 




Көрілген: 185    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 25.10.2017, 18:12

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30