Қылмыс

Шымкент тұрғынын ұрып-соғып, 15 мың доллар талап еткен 4 жігіт ұсталды

  • © en-media.tv

    © en-media.tv

Шымкентте жергілікті тұрғынды қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды. Осы қылмысқа қатысы бар деген төртеу арада 7 ай өткенде полицейлердің қолына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған қылмыс өткен жылдың 27 желтоқсан күні орын алған. Орта жастағы қала тұрғыны Қаратау полиция бөліміне арызданып, белгісіз төрт азаматтың өзін бопсалап жатқанын айтқан. Тіпті күш қолданып, қорқыту арқылы 15 мың АҚШ долларын талап етіпті.


Осыдай кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деген төрт адам ұсталған. Олар 30-40 жас аралығындағы Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.


«Тергеп-тексеру жұмыстары барысында күдіктілердің оңай жолмен ақша табуды көздегені анықталды. Осы мақсатта олар жәбірленушіні ешқандай қарызы болмаса да, қала сыртына алып барған. Ұрып-соғу арқылы 15 мың АҚШ долларын талап еткен. Әрі ақшаны бір күннің ішінде жеткізуін бұйырған. Тергеу кезінде күдіктілер жасаған қылмысын толық мойындады» делінген хабарламада.


Қазіргі таңда сезіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің «Қорқытып алу» бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Төртеуі де уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған.


 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 18:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31