Қылмыс

Шымкентте 8 жасар баланы зорлаған 10-сынып оқушысы жазадан сытылып кетті

  • Шымкентте 8 жасар баланы зорлаған 10-сынып оқушысы жазадан сытылып кетті

    Шымкентте 8 жасар баланы зорлаған 10-сынып оқушысы жазадан сытылып кетті


Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жастағы ұл баланы зорлады деген 10-шы сынып оқушысына қатысты ақтау үкімін шығарды. Сот тергеу мен айыптау органы алқа билерге күдіктінің кінәсін дәлелдеп бере алмады деп отыр. Ал үкімге үзілді-кесілді қарсы жәбірленуші тарап болса, буыны қатая қоймаған баламыздың жүйкесін зақымдағаны өз алдына, «сегіз жастағы балаға зорлық-зомбылық жасаған кінәлінің бостандықта жүруі қоғамға қауіпті», – дейді.



Бұл туралы 31 арна хабарлайды.


Баламызға бір емес, екі мәрте күштеп зорлық жасалды деген отбасы, жаға ұстатар сұмдық оқиғаны ести сала, полицияға арыз түсірген. Айтуларынша, артқы өрісіне зақым келгені бірнеше сараптамамен дәлелденген. Бір рет зорлық болды деп жүрген арызданушылар, жағдайдың екі мәрте қайталанғанын күдіктінің өз аузынан естіп-білген. Тергеуде келтірілген сансыз дәлелді соттың есепке алмауы, еңсемізді түсірді деп отыр.



Қазір інім осы жағдай болғалы бері адамның бетіне қарап сөйлей алмайды. Спокойно, ашық-жарқын жүре алмайды. Психолог мамандармен жұмыс істеп жатырмыз. Ары-бері апарып, қаратып денсаулығына байланысты. Қазір сабаққа баруды да қойды», – дейді жәбірленушінің ағасы.



Оқиға әсіресе, баланың анасына ауыр тиген. Ұл балаға қатысты жыныстық қатынас дегенді өмірде бірінші естуім, – дейді. Кінәлі азаматты қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босатқандарға да шара көрілсе деп, күйініп отыр. Күдіктінің әкесі жағдайды естісімен, ұлын аяусыз соққанын ауылдағылар түгелдей білетінін айтады. Ал сотта «кінәсін соққымен мойындатты» дегендер өтірікті именбей айтуда, – деді.


«Барлық экспертиза көрсетіп отыр. Сонда әділдік қайда? Ақ адам қара болып, қара адам ақ болып кете бере ме? Оның баласы жүреді табақтай болып, менің балам жасқанып өту керек пе, өмірден? Келешегі не болады? » – дейді жәбірленушінің анасы.


Ақтау үкімін шығарған судья Сейітжапбаровпен тек қызмет телефоны арқылы ғана тілдесе алдық. Сұхбаттан бас тартуын үкім күшіне енген жоқ деп түсіндірді. Он бес тәулік ішінде ол үкім күшіне енбей қалуы да мүмкін. Себебі жәбірленуші тарап аппеляциялық алқаға шағым түсірді.


Ал кейін облыстық сот іс бойынша іске қатысы жоқ, басқа судья түсінік береді деп шешті. Оның пікірінше, тергеуші мен прокурордың дәлелі тым осал болған. Қылмыс құрамы былай тұрсын, тіпті істі қараушы судья қылмыстың сипаты да жоқ деп шешім еткенін жеткізді.



«Тергеу органдары және айыптау органдары сотта алқа билерге жігіттің кінәсін дәлелдеп бере алмаған», – дейді ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.



Жәбірленушілер мұнымен мүлде келіспейді. Сот жабық жағдайда өтсе де, ақтау үкіміндегі судьяның «ашық сот мәжілісі» деп көрсетуін түсінбедік,  – дейді. Сарапшы қорытындысынан бөлек, күдіктінің кінәсін ерікті түрде мойындауы тағы бар, – дейді. Шешімді негізсіз деп есептейтін тарап, істі қайта қарау барысында мейлінше әділдік орнайтынына үміттенеді.


Stan.kz



Көрілген: 576    Пікірлер: 0

сенбі, 09.12.2017, 09:38

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30