Қылмыс

Шымкентте астаналық әйелдің 14 миллион теңге салынған сөмкесін тартып алмақ болған

  • Иллюстрациялық сурет. © Newsler.ru

    Иллюстрациялық сурет. © Newsler.ru

Шымкентте белгісіз біреулер әйел адамның 14 миллион теңге салынған сөмкесін тартып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


4 маусымда көлікте отырған астаналық әйелден белгісіз адамдар 14 миллион теңге салынған сөмкесін тартып алмақ болған.


"Сөмкені алып кетуге көлік жүргізушісі бөгет болған, олар жүргізушіні пышақпен жаралап, оқиға орнынан қашып кеткен. Ер адам ауыр жағдайда жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің "Қарақшылық" және "Адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша СДТБТ-ға тіркелді", - дейді облыстық ІІД-нің өкілдері.


Полиция мәліметі бойынша, қылмыстың ізі суымай тұрып, ОҚО-ның екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілер қамауға алынды.


Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Істің мән-жайы тексеріліп, басқа қылмыстармен байланысы анықталып жатыр.

 




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 15:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30