Қылмыс

Шымкентте білдей профессор өгей қызын соққыға жыққан (видео)

  • Шымкентте білдей профессор өгей қызын соққыға жыққан (видео)

    Шымкентте білдей профессор өгей қызын соққыға жыққан (видео)

Шымкентте өгей әкесі кішкентай қызды анасының көзінше соққыға жығып, қорлаған. Перзентінің көрген қорлығына шыдай алмаған әйел азаматтық некедегі күйеуінің үстінен полицияға арыз түсірген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Арызданушының сөзінше, жасөспірімді тепкінің астына алған ер кісі Оңтүстікте білдей профессор, медицина ғылымдарының кандидаты екен.


Клара Сабированың бірінші отбасынан екі баласы бар. Осыдан екі жыл бұрын азаматша Алибек Тоғайбеков есімді дәрігерге тұрмысқа шығып, бір шаңырақ астында тұрады.


Профессорға тұрмысқа шыққан келіншек алғашқы да бақыттан басы айналып жүрген. Өйткені отағасы жарының барлық жағдайын жасап жүріпті. Бірақ білікті дәрігер зейнеткерлікке шыққан сәттен бастап, отбасында ұрыс-жанжал жиілей түскен. Құрметті демалысқа шыққан ер адам ішімдік ішіп алып үйдегі тыныштықты бұза бастаған.


Клараның сөзінше, шайтан суға тойып алса жолдасы өз әрекетіне жауап бере алмай, қол көтере бастайды екен. Тіпті, сегіз жасар қызын тепкінің астына алып, қорлық көрсеткен.


"Ең ауыр болғаны бұрынғы некедегі ұлыма, қызыма қол көтергені болды. Соңғы рет қазан айында ұлымды басын жарып, ұрып тастады. Ұл ғой деп бұған көз жұмдым. Кейін оныншы қараша күні Айшуақ есімді жасы сегіз жастағы қызымды көз алдымда ұрып тастады. Ішкі істер органдарына ол кісінің үстінен арыздандым. Қылмыстық іс қозғалса да бірақ ол жасаған ісін мойындамай отыр. Мені шаршатты. Жан-жаққа мені жамандап, қорлық көрсетіп жатыр. Тіпті қазір жұмыстағы басшылық тарапынан қысым көріп жатырмын", - дейді жәбір көрген әйел.


Клараның сөзінше, отағасы ешкім жоқ кезде кішкентай қызын үнемі ұрып-соғады екен. Ең сорақысы жасөспірімнің киімдерін жыртып, тыржалаңаш мұздай суға шомылдырғаны дейді анасы. Бірақ, кішкентай қызы өгей әкесінен қорқып, көрген қорлығы жөнінде тіс жармайды екен. Перзентінің жазықсыз жапа шеккені әйелдің жанына қатты батып, құзырлы органдарға шағымданған.


ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір бұл істі Шымкент қаласы Абай аудандық ПБ тексеруде.


Аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 107 бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» екінші бөлімі бөлігі 8-тармағымен қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілуде.





Көрілген: 821    Пікірлер: 0

жұма, 15.12.2017, 19:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Наурыз, 00:56
    Медиация институты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31