Қылмыс

Шымкентте бойжеткен анасын соққыға жығып, әкесін пышақтап тастады (фото)

  • © nur.kz

    © nur.kz

Шымкентте туған қызы әкесін пышақтап тастады. Анасынан қызын қорғаймын деген отағасын перзентті осылай жазалаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Қанды оқиға болған күні әкесі жұмыстан шаршап келген. Үйге келсе, қызымен анасының арасында жанжал болып жатқан екен.


22 жастағы бойжеткен ұрыс кезінде анасын ұрып-соққан. Мұны көрген әкесі қызының қорлығына шыдамай, ажыратпақ болады. Осы кезде перзенті анасымен екеуінің арасына түскен әкесін пышақтап тастайды.


"Үйге келсем анасын ұрып жатыр екен қызым. Екеуін ажыратпақ болдым. Осы кезде қызым пышақ тығып алды. Ары қарай есімде жоқ. Талып қалдым. Қызым ажырасқалы бері өз бетімен кетті. Әке-шешесін тыңдамайды. Қызымның салмағы жүз келіден асады. Сондықтан, оған анасының әлі келмейді. Мұны пайдаланған қызым туған анасын ұрады", - дейді туған қызынан қорлық көрген Мұрат.

Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен 46 жастағы азаматқа дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған. Ер азамат тілге келгенмен, жүріп тұра алмайды.


Қызынан зардап шеккен әке перзентінің үстінен арыз жазбаған. Бірақ, қызы жасаған қиянатты кешірмеймін дейді.


Әкесінің сөзінше, бойжеткен осыдан бір жыл бұрын күйеуінен ажырасып ата-анасының үйіне қайтып келген. Күйеуден қайтқалы бері қызы отбасының шырқын бұзып, анасын соққының астына алуды әдетке айналдырыпты. 




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.01.2018, 16:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30