Қылмыс

Шымкентте сақалды жігіт әйелін пышақтап тастады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Шымкентте өз әйелін аяусыз пышақтап тастаған қатыгез ер адам өзін видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген. 1983 жылғы азамат бұл қадамға не үшін барғанын да түсіндірді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Күдікті жігіт өзі түсірген бейнежазбада келіншегінің жат ағымға кіріп кеткенін мәлімдеген. Алайда, келіншектің жақындары бұл ақпаратты теріске шығарып, керісінше әйелін аямаған азаматтың өзі өзге ағымның жетегінде екенін алға тартуда.


Ерлі-зайыптылар алты ай бұрын ажырасқанмен, ер азамат келіншегіне күн бермей, қорлық көрсетіп келген. Әдеттегідей таңертең жұмысқа бармақшы болған әйелін аңдыған жігіт оны жолдың қақ ортасында пышақтап кетіпті.


Ауыр жарақат алған азаматшаның жақындары күдіктінің бұл әрекетке әйелімен қосылмағандығы үшін барғанын айтады.


"Умида қасына жатпайтын. Ол оны пышақпен қорқытып, жатқызғысы келетін. Екеуі ажырасып кеткен. Бірақ күйеуі тыныштық бермей, қорқытып жіберген.


Ақыры аңдып, пышақтап тастады. Әділ жазасын алсын дейміз. Ер кісінің өзі сектаға кіріп кеткен сияқты. Сақалын, шашын өсіріп, ала бұжақ болып жүреді", - дейді жәбірленуші азаматшаның жақыны Гүлзат Даулетбаева.



 




Көрілген: 1198    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 19:23

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30