Қылмыс

СІМ бұрынғы жауапты хатшысы парамен ұсталды

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілі Нұрлан Жақин мәлімдеді, деп хабарлайды   Baq.kz тілшісі.


Нұрлан Жақин сыбайлас жемқорлыққа қатысты өткен аптадағы нақты істерді атап өтті.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қарашевтың ірі көлемде пара алу фактілері бойынша қылмысын әшкереледі. Жауапты лауазымды қызметті атқара отырып министрліктің ведомствалық бағынышты ұйымдарының басшылары Сәкенова, Нүрекенов, Жұмасанованың заңға қайшы әрекеттерін жасырып отырған. Бұл үшін Қарашев олардан 10 млн теңгені құраған заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алып отырған.


Өз кезегінде Сәкенова, Нүрекенов, Жұмасанова қылмыстық схеманы ұйымдастыра отырып министрлік үшін қызметтер көрсетуге шарттар жасаған және оларды кедергісіз қабылдау үшін кәсіпкерлерден 20 млн теңгеден астам пара алған. Жалпы алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Соттың санкциясымен Қарашев пен Нүрекенов қамауға алынды. Сәкеноваға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпас жазасы қолданылды», - деді Жақин.


 


 




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.06.2018, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31