Қылмыс

Сот билігінің тірегі - Заңның мүлтіксіз орындалуында

  • Сот билігінің тірегі - Заңның мүлтіксіз орындалуында

    Сот билігінің тірегі - Заңның мүлтіксіз орындалуында

Қазақстан Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды. Мұндай деңгейге көтерілуімізге Конституциямыздың қосқан үлесі қомақты.


Аталған уақыт аралығында Конституциямыз мемлекетіміздің саяси-құқықтық жүйелерінің қарқынды дамуын, экономикалық өрлеуін, елдегі саяси тұрақтылық пен халықтың ауызбіршілігін абыроймен қамтамасыз ете алды.

«Заң мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты» (Ш.Мұртаза) демекші, 1995 жылы 30 тамызда егемен еліміздің бүгіні, ертеңі, келешегі үшін қабылданған Ата заң біздің қоғамның негізгі қағидаттарын анықтап, елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде белгілеп, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігін бекітті. Адам құқықтары мен бостандықтары танылып қана қоймай, олардың орындалатынына Конституция кепілдік берді.

Осы Ата заң адам және азаматтардың Конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде ерекше орын алатын билік тармағы ретінде сот жүйесін жаңа белеске көтерді. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді ,конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Құқықтық мемлекетті мықты және тәуелсіз сот билігінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Ата заңның 77-ші бабында «судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз, ол Конституция мен заңға ғана бағынады» деп атап көрсетілген. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Бұл сот жүйесі мен судьяларға артылатын жүктің қаншалықты салмақты екенін, жауапкершіліктің қаншалықты жоғары екенін көрсетеді.

Тәуелсіздік жылдарында биліктің басқа тармақтары сияқты сот билігі де үлкен өзгерістерді бастан кешіріп, құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сай жетілдірілді, дамытылды. Еліміз азаттық алған тұстан бастап ,сот жүйесінің тәуелсіздігі мен оны нығайтуға бағытталған жұмыстар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асырылды. Соттар мен судьялардың мәртебесі нығайтылып, сот құрылымы мен сот өндірісін жүргізу тәртібі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Сот жүйесін одан әрі жетілдіру бағытында соттарды мамандандыруға басымдық берілді. Еліміздің барлық өңірлерінде мамандандырылған экономикалық соттар, әкімшілік соттар, қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттар құрылды. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан кейін соттар қызметінің заңнамалық және іс жүргізу нормаларын жүйелі түрде жетілдіру, сот құрылымын әрі қарай дамыту,әлеуметтік саладағы даулар мен қақтығыстарды шешудің баламалы жолдарын енгізу, сот әділдігіне азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және судьялар корпусының кәсіби деңгейін арттыру сияқты іргелі тапсырмалары тыңғылықты орындалды.

Қазіргі уақытта халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздегі сот жүйесінің тыныс-тірлігі, істердің сотта қаралу барысы жайлы мақалалар жарияланып, телеарналардан сұхбаттар беріліп, арнайы хабарлар жүргізілуде. Сот төрелігіне халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ғаламтор жүйесінде әрбір соттың арнайы сайты ашылып ,онда соттағы істердің қозғалысы жайлы мәліметтер, соттардың атқарған жұмыстары жайлы хабарламалар жарияланып тұрады. Бұл сайттарға ғаламтор қызметін пайдаланушы әрбір азамат қол жеткізе алады.

Сот өндірісін жетілдіру әрі жеңілдету мақсатында соттарда «Бірыңғай автоматтандырылған ақпаратты талдау жүйесі» бағдарламасы енгізіліп ,қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты «Төрелік» ақпараттық жүйесі бағдарламасымен алмасты. Бұл жүйенің басты ерекшеліктерінің бірі талап-арызды тіркеу және қарау мерзімдерінің сақталуына бақылау жасау, оның есебін жүргізу - бәрі электронды жүйе арқылы болады. Келіп түскен арыз-шағымдарды судьяларға бөлу автоматты түрде жүзеге асырылады. Осылайша бұл бағдарлама сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болып, судьялардың істі таңдап алу мүмкіндігіне шектеу қояды.

Сот істерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында соттардың сот мәжілісі залдарында дыбыс-бейне жазбаларын жүргізетін арнайы қондырғылар орнатылған. Бұл өз кезегінде сот отырысына қатысушы жақтардың тарапынан түсетін наразылықтар мен шағымдарды азайтуға, тараптардың сот отырысы хаттамаларымен жедел танысуына жол ашады. Соттар қызметінде «Электронды Үкіметтің» кеңінен қолданылуы азаматтардың уақытын үнемдеуге, істердің қозғалысын бақылауына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, соттың әділ өтуіне мүмкіндік береді.

Сот билігінің күші Заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте. Қазіргі қоғамда азаматтардың өз құқықтарын жетік білмеуі немесе өзгелердің құқықтарын бұзу сияқты көріністер кездеспей тұрмайды. Әлеуметтік ортадағы түрлі құқық бұзушылықтардың Ата Заң негізінде қалпына келтірілуі, әділеттілік табуы, халықтың сот билігіне деген сенімінің нығаюы Конституциямыздың арқасында мүмкін болып отыр.




Ақпанбетов Тимур, Алматы қалалық Әуезов аудандық сотының аға сот приставы


 




Көрілген: 382    Пікірлер: 0

сенбі, 21.04.2018, 00:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31