Қылмыс

Сот Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталғандарға қатысты қаулы шығарды

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қаласы сотының баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов айтты.


"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 11 және 12 қыркүйекте қамауда ұстау мерзімін 23 қазанға, яғни үш айға дейін ұзартуға қаулы шығарды", — деді ол.


Ұсталған Нұрәлі Қиясов 20 шілдеде Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен қамауға алынды. Сол күні сот сырттай Арман Құдайбергеновті қамауға алуға санкция берді. Іс бойынша үшінші күдікті Жанар Толыбаева 23 шілдеде ұсталды. Аудандық сот оны 25 шілдеде қамауға алуға санкция берді. Бастапқыда олар екі айға қамалды.


Екі күдікті ұрлық, қарақшылық жасады және кісі өлтірді деп айыпталып жатыр. Әйел қылмысты хабарламағаны үшін сотталуы мүмкін.


19 шілде күні танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыс Алматы қаласының орталығында жасалды: спортшы автокөлігінің бүйір айнасын шешіп алып жатқан ұрыларды көріп қалған. Ол екі жігіттің соңынан қуып, ұстап алмақ болған, алайда ұрылар оның аяғынан пышақтап кеткен. Әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушының қазасы үлкен қоғамдық резонанс туғызды.


Sputnik


 




Көрілген: 1081    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.09.2018, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31