Қылмыс

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар сот саласының дамуына негіз болуда

  • Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар сот саласының дамуына негіз болуда

    Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар сот саласының дамуына негіз болуда

Елбасы өзінің Жолдауында «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет» екенін атап өткен болатын.

Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін, елде демократиялық принциптерді орнықтыру мақсатында Президентіміз халықтың бостандығы мен құқын қорғауда тәуелсіз сот болу керектігі жөнінде берік ұстанымын көрсетті. Сондықтан еліміздегі құқық қорғау жүйесі, сот саласы халықтың еркіндігі мен құқын қорғауда сот қызметкерлері басқа билік өкілдерімен қатар жариялылық пен ашықтық жағдайда нәтижелі еңбек етіп сот әділдігін жоғарғы деңгейде жүргізуде.

Тәуелсіздік жылдары ішіндегі сот жүйесін дамытудың бірқатар негізгі нәтижелеріне соттардың тәуелсіздігі мен судьялардың мәртебесінің айрықша бекітілуінің маңызы зор болды. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың жемісті нəтижелері бізді жаңа белестерге бастады. Мемлекетті басқарудың саяси құралдарының қатарында биліктің дербес саласы - сот билігінің орны мен мəртебесі айрықша екенін Елбасы үнемі атап көрсетуде. Президенттің: «Қазіргі уақытта соттар басты құқық қорғаушы институт бола бастады», деген сөзі сот жүйесінің мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының ішіндегі мəртебесі мен орнын даусыз айқындап бергенінің дəлелі болып отыр.

Еліміздегі сот жүйесінің қарқынды дамуына баға берген шетелдік сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстанның қоғамдық өмірінде заңдар нақты жұмыс жасап және əрбір азамат өздерінің мүдделерін құқықтық кеңістікте қорғай алатынына толығымен сенеді. Оған қоса, даудың әрбір сатысында тараптардың татуласу мүмкіндіктері қарастырылып, жаңа элементтер енгізілген жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс қабылданды. Кодексте азаматтық процестің базалық институты, соттардың мамандандырылуы, сот актілерінің қайта қаралу тәртібі мен қағидалары сақталған. Бұл жаңашылдықтар тараптардың құқықтары мен мүдделерінің уақытылы шешілуін, сот актілерінің сапалылығын арттырып, істерді қарау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді. Сот жүйесі бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйеге ауысты. Үш сатылы сот жүйесі толығымен халықаралық стандарттарға сай келеді, әрі сот процестерін жасанды созбалаңға салу жолдарын азайтты. Бүгінде республикадағы барлық сот отырысы залдары аудио-бейнетіркеу жүйесімен 100 пайызға жабдықталды, нәтижесінде судьялардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар екі есеге қысқарды. Жалпы алғанда, жаңа технологияларды енгізу сот қорғауына қолжетімділікті жеңілдетті.

Олжас Күреңбеков, Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының төрағасы

 




Көрілген: 205    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.11.2017, 13:41

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30