Қылмыс

«Сот кабинетіне» сенім артып келеді

  • «Сот кабинетіне» сенім артып келеді

    «Сот кабинетіне» сенім артып келеді

Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы кеңінен айтылған болатын. Осы орайда еліміздің сот саласында «Сот кабинеті» қызметі іске қосылып, жұмыс істей бастады.2014 жылдан бастап сот ісін жүргізудің барлық бағыттары бойынша электронды түрде 50-ден астам қызмет түрлері ұсынылатын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін іске қосты және ол сәтті жұмыс істеуде. «Сот кабинеті» сот органдарының электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген өзіне ыңғайлы уақытта үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» интернет-сервисі арқылы электронды түрде талап арыздарды беруіне, сондай-ақ, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, істің қаралу барысын бақылауына мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз, сот отырысының хаттамасына ескертулер, үн-бейнежазбаларға және сот отырысының қысқаша хаттамаларына ескертулер, әділет органдарына атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін, өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындау үшін атқару парағын беру туралы арыз секілді басқа да өтініштер бере алады. Бүгінгі күні аталмыш қызмет түрі нағыз қоғам талабына сай бірден бір қызмет түрі болғандықтан, кеңінен қолданысқа ие болып, қоғам тарапынан сұраныс артып келеді.

Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалардың барлығы қарапайым халықтың қамы үшін қолға алынған шаралар. Заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған.«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, сот төрелігіне қолжетімділік, ашықтық пен мөлдірлікті қамтиды. Бұл сервис кез-келген тұлғаның уақытын үнемдей отыра, үйінен немесе кеңседен шықпай, ғаламтор желісі арқылы сотқа талап арыз, өтініш тапсыруға, әрі мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік береді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтырғы көрсеткіштерге қарағанда «Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылардың саны артып, сервис арқылы бір миллионнан артық арыз-өтініштер сотқа келіп түскен. Бұл жүйенің жатсынбай, керсінше қоғамымызда кең қолданысқа ие бола бастағанының бір белгісі болса керек.

Олжас Күреңбеков

Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының төрағасы


 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 02.11.2017, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 19:11
    Тінту тәртібі қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30