Қылмыс

Сот саласында мемлекеттік тілдің мәртебесі артып келеді

  • Сот саласында мемлекеттік тілдің мәртебесі артып келеді

    Сот саласында мемлекеттік тілдің мәртебесі артып келеді

Соңғы жылдары еліміздің сот саласында мемлекеттік тіліміз қазақ тілі кең қолданысқа ие бола бастады. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде Конституциялық жолмен баянды етілуінен келіп шығатыны – қазақ тілі Қазақстан мемлекеттілігін айқындайтын факторлардың бірі болып табылады, оның егемендігін рәміздейді және Қазақстан халқының бірлігін білдіретін Республиканың Конституциялық-құқықтық мәртебесінің элементі болып табылады. Сондықтан ана тіліміз қазақ тілінің еліміздің барлық саласында еркін қолданылып, мәртебесінің арта түсуінің, кең көлемде қолданыста, сұраныста болуының маңызы зор!

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңының 4-бабында «Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» деп тайға таңба басқандай анық жазылған. Сонымен қатар, барлық мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi, яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген. Аталған заң талаптары мемлекеттік тіліміздің пәрменін арттырып, оның қолдану аясын кеңейтуге зор септігін тигізуде. Мысалы, сот жүйесінде ресми құжаттар негізінен алдымен мемлекеттік тілде жазылып, кейін ресми тілде аудармасы болуы шарт. Атап айта кетерлік жайт соңғы кездері сот ісінде қазақ тілінің қолданыс аясы кеңіп келеді.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты Жолдауында: «Біздің міндетіміз 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін Қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізуіміз керек. Ал, 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс», - деген нақты тапсырмасы да бар. Осыған орай мемлекеттік қызметкерлер арасында да қазақ тілін білуге деген сұраныс артып келеді. Көптеген қызмет орындарында қазақ тілді мамандар қатары үлкен сұраныста. Сәйкесінше, бүгінгі күні мемлекетік тілді меңгеруге ынталылардың қатары артып келеді. Өйткені қазақ тілін жетік білетін мемлекеттік қызметкерлерге деген сұраныс жоғары.

Мемлекеттік тіл саясатын оңтайлы ұйымдастыру сот жүйесінің де басты мақсаты десек, ҚР Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы «Ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» №36 өкімі қазіргі уақытта республикамыздың барлық соттарының бағдаршамына айналған десек, қателеспейміз. Бүгінде іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда сот жүйесіне тиесілі кіріс құжаттарының 80 пайыздан астамы, ал шығыс құжаттарының 100 пайызы қазақ тілінде дайындалады екен. Бұл осынша уақыт ішінде үлкен жетістік деуге болады.

Олжас Күреңбеков

Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының төрағасы


 




Көрілген: 677    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 19:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28