Қылмыс

Сүйіктісіне ұсыныс жасап, тойға несие алдырған жігіт іздестірілуде

  • Сүйіктісіне ұсыныс жасап, тойға несие алдырған жігіт іздестірілуде

    Сүйіктісіне ұсыныс жасап, тойға несие алдырған жігіт іздестірілуде

Павлодар облысында алаяқтық жасап, бөтен мүлікті ұрлады деген күдікке ілінген Екібастұз қаласы Қоянды ауылының тұрғыны іздестірілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Бұл фактіні Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасы растады.


Белгілі болғандай, 24 жастағы жігіт бірнеше қызды алдап кеткен. Полицияға алаяқтың арбауына түсіп, алданып қалған қыздардың бірі арызданған. Ол жігіттің сенімге кіріп, тұрмысқа шық деп ұсыныс жасағаннан кейін несие ресімдеуге көндіргенін айтқан.



«Жігіт қыздардың бірімен желтоқсан айының соңында әлеуметтік желі арқылы танысқан. Сөйтіп ол жәбірленушінің үйіне қонаққа барып, шай үстінде анасымен болған жалған қайғылы оқиға жайлы айтып берген. Содан кейін қолайлы сәтті пайдаланып, қыздың үйіндегі ақша мен құнды заттарын ұрлап, қашып кеткен. Күдікті тағы бір қызбен дәл осылай әлеуметтік желі арқылы танысып, кездесіп тұрған. Жігіт кейінірек қызға өзіне тұрмысқа шығуын өтініп, ұсыныс жасаған. Үйлену тойына ақша керек екенін сылтауратып, 200 мың теңге болатын несие ресімдетіп, алдап кеткен», - делінген хабарламада.


Полицейлер Салық Қағбатолла Қабдоллаұлын іздестіруде. Зардап шегушілер, күдіктіні танығандар немесе тұрғылықты жерін білетіндер болса хабарласуды сұрайды. 102 немесе Екібастұз қалалық ІІБ кезекші бөлімінің тел: 8 (7187) 75-06-06. Сондай-ақ, +7 707 700 40 56 whatsapp нөміріне хабарлама жазуға болады.




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.01.2018, 17:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31