Қылмыс

Сыбайлас жемқорлық пара алу және пара берумен ғана шектелмейді

  • Сыбайлас жемқорлық пара алу және пара берумен ғана шектелмейді

    Сыбайлас жемқорлық пара алу және пара берумен ғана шектелмейді

Пара беру де, пара алу да - үлкен күнә, ауыр қылмыс. Қазіргі таңдағы аса күрделі мәселелердің бірі – жемқорлық. Жемқорлық мәселесі – әлемдік деңгейдегі мемлекет дамуына кері әсерін тигізіп отырған жағымсыз құбылыс. Сыбайлас жемқорлықпен күресті қоғам болып жүргізудің маңызы зор. Бүгінде еліміздегі әрбір қала, аудан, тіпті әрбір мекеме осы бір індетпен күресуге барынша үлес қосуда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, адал қызмет етуге тырысатын мекемелердің бірі Алматы қаласындағы Көліктік бақылау инспекциясы.
Таяуда,  2017 жылғы қазан айының басында Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясында осы жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру жоспары бойынша «Қызметтік этика қағидаларын сақтау, мемлекеттік қызметтердің сапасы, бюджет қаражатын жұмсау тиімділігі бойынша қоғамдық бақылаудың жүйесі» атты  дөңгелек үстел өтті.

Жиынға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты. 

Шара барысында инспекция басшысының орынбасары Х.Петралиев биылғы жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралар жоспары негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып отырған іс-шараларға тоқталып өтті.

Х.Петралиев мырзаның айтуынша, Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, регламенттері және Ережелері талаптарына сай мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетілуін қамтамасыз етіп, азаматтардың мамандармен тікелей жүзбе-жүз байланысқа түспеуі үшін мемлекеттік қызметі көрсету электронды түрге көшірілген. Сондай-ақ ол инспекция ғимаратында кеңесші қызмет көрсететінін және келушілерді қабылдау аудио, бейне құрылғыларымен жабдықталған арнайы қабылдау бөлмесінде жүргізілетінін айтып өтті.


Шараға қатысушылардың бірі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Штаб ұйымдастыру-талдау бөлімінің офицері Н.А. Мекешов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты мақсаттарына, яғни мақсат сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес оның алдын-алу және болдырмауды ескерту болып табылатынын айтты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу өз нәтижесін бермегенде сыбайлас жемқорлық салдарымен күрес жүргізілетінін тілге тиек етті.

Сала мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен атқарылып отырған іс-шараларға ашық және жасырын тергеу әрекеттері жүргізілетінін, сыбайлас жемқорлық пара алу мен пара берумен шектелмейтінін, мемлекеттік қызметтер көрсетуде деректер базасына бұрмаланған ақпараттар енгізу де сыбайлас жемқорлық әрекеті болатынына айтып, бюджет қаражатын жұмсау тиімділігне тоқтала келе, сонымен қатар, кінәліні ұстаған кезде заттай дәлелдеме (ақшалай немесе т.б.) міндетті емес екенін ескертті.


Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті РММ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Р. Паркентұлы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығының талаптарын түсіндіріп өтті.

Ол қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру өзекті екенін айта келе, өкініш пен қайғының орын алмауына шаралар қолданылатынын ескертті, заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуды мемлекеттік қызметке адал қызмет ету, жұмысты нақты, өз бағытымен жасау керектігін айтып, Қазақстан Республикасынында сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша дайындалған бейне жазбаны мамандардың назарына ұсынды.

Х. Петралиев өзінің баяндамасын қорыта келе, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік қызметшінің беделін арттыруға әр мемлекеттік қызметші өз үлесін қосып, адал еңбек ету басты мақсат екенін айтты.


Алаш айнасы




Көрілген: 479    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 10.10.2017, 23:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31