Қылмыс

Талайды сан соқтырған баукеспе ұрыларды шымкенттік судья мектепте соттады (фото)

  • Талайды сан соқтырған баукеспе ұрыларды шымкенттік судья мектепте соттады (фото)

    Талайды сан соқтырған баукеспе ұрыларды шымкенттік судья мектепте соттады (фото)


10 дерек бойынша істі болған екі азаматқа халық алдында үкім шықты. Қаратау ауданының тұрғындарына миллиондаған шығын келтірген ұрлықшылар жәбірленушілерден кешірім сұрап, жазаға тартылды деп хабарлайды TVKарнасы.



 




Талайды сан соқтырған баукеспе ұрыларды шымкенттік судья мектепте соттады (фото)

СУДЬЯ. ФОТО: TVK-UKO.KZ



Көшпелі сот отырысын мектептердің бірінде өткізген Қаратау аудандық соты қос азаматты бас бостандығынан айырды.


Өз көршілерінің бағалы заттарын тонаған екі азаматтың бірі 1994 жылы туылған Ерлан Атамбеков. Ал сыбайласы - 25 жастағы Дархан Түктібаев. Бұл екеуі келісе отырып, Қаратау ауданына қарасты бірқатар үйлерге ұрлыққа түсіп, қолды болған заттарды төмен бағада сатып отырған. Түскен қаржыны өз қажеттіліктеріне жаратыпты.


Айта кету керек, екі сотталушы да бұған дейін істі болған екен. Мәселен, Дархан өзге біреуге жарақат салғаны үшін шартты түрде сотты болса, екіншісі ұрлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.




Талайды сан соқтырған баукеспе ұрыларды шымкенттік судья мектепте соттады (фото)

ФОТО: TVK-UKO.KZ



Талай жұртты сан соқтырған азаматтар қателігін енді түсінсе керек, халық алдында кешірім сұрап, істеген қылмыстары үшін өкінетінін жеткізді. Сондай ақ, бұған дейін ұрланған заттарын иелеріне қайтарып, кешірімін алған.


Осыған байланысты, оларға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Бұған дейін де, Қаратау аудандық соты 6 рет көшпелі сот отырысын өткізіп, сотталушыларға жаза тағайындаған. Мәселен, тәртіп сақшысы пара алғаны үшін әріптестерінің алдында сотты болған.


TVK



Көрілген: 301    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 21.10.2017, 13:40

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30