Қылмыс

Танымал асабаның өліміне туған бөлесі айыпталып жатыр

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Ақмола облысында туған бөлесінің қолынан мерт болған жігіттің өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. Ал марқұм Абылай Шыңғысовтың туыстары бұл іске бес адамның қатысы болса да, айыпталушы орындығында біреуі ғана отыр дейді. Олар қазір басқаларының бостандықта жүргеніне наразы.


Қайғылы жағдай өткен жылдың желтоқсан айында Красивое ауылындағы мына үйде болған. Қазір бұл үйде ешкім тұрмайды. Өңірде асабалық өнерімен танылған Абылай Шыңғысовты дәл 30-ға толған туған күнінде өз үйінде өлтіріп кеткен.


Таңға жуық шырт ұйқыда жатқан отбасының шырқын бұзған оның туған бөлесі екен. Сол түнде жиеніңмін деген соң, нағашы апасы Зәуреш еш жамандық ойламай есікті ашыпты.


Оның айтуынша, қолдарында темір сүймен, ағаш ұстаған 4 жігіт кіріп келіп, ұйқыда жатқан ұлын ұра бастаған.


Зәуреш Шыңғысова, марқұмның анасы:


-Бізді жібермей екеумізді қайта-қайта есік алдына лақтырып тастайды. Өлтірді, өлтірді деп айғайлап жатырмын. Балалар бәрі шыңғырып жылап жатыр. Біреуі ғана отыр мойнына алған. Төртеуі бірдей үйге кірді. Ұрып, сүйрелеп алып шықты.


Сол күні Абылай достарымен туған күнін атап өткен.


Анасының айтуынша, үйге масаң күйде оралыпты. Сол күні бөлелердің арасында бір-бірін араққа жұмсап, сол үшін кикілжің болғанын кейін естіген. Бірақ түкке тұрғысыз дүниеге бола 2 бөлесінің жігіттермен келіп адам өлтіруі миға сыймайды,-дейді анасы.


Қазір отбасы бостандықта жүргендерден қорқып әрі қанды қылмыстың куәгері болғандықтан үйді тастап кеткен.


Ақбота Мырзахметова, марқұмның әйелі:


-Екі бала міне, кішкентай көріп тұрсыздар. Солар үшін қорқып,қашып кетуді ойладық. Қазір Қостанайда туыстардың үйін жағалап жүрміз. Өйткені үйіміз жоқ басымызда.


Марқұмның туыстарының ашуын келтіріп отырғаны да осы жағдай ғой. Негізі, Абылайды сыртта қалып қойған бесінші адам, яғни жаңағы бөлесі өлтірген көрінеді. Ал қалған төртеудің үшеуі жеңілдеу бап бойынша тергеліп жатыр екен.


Гүлнар Пинчук, Ақмола областық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:


-Қазіргі уақытта ол 3 күдіктіге қатысты «Тұрғын-жайға адамның еркінен тыс басып кіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір қолхатпен бостандықта жүр.


Ал Красивоедегі қанды оқиғаны топтасып кісі өлтіру деп санайтын жәбірленуші тарап бүгін прокуратурадан істің қайта тергелуін талап етті. Олар әділдікке жетпей қоймаймыз дейді.


Айта кетер жайт, бостандықта жүрген төртеудің біреуі марқұмның бөлесі екен.


ktk.kz


 




Көрілген: 951    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.04.2018, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31