Қылмыс

Таразда әріптестерін пышақтаған лауазымды полицей мәлімдеме жасады

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Таразда өңірге «Бамбук» лақап атымен бегілі Мұрат Үмбеталиевтің атышулы ісіне қатысты алғашқы сот тыңдалымы өтті.


Облыстық экстремизмге қарсы күрес басқармасының бұрынғы бастығы лауазымды әріптесі мен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысын пышақтады деп айыпталуда. Бірақ Үмбеталиевтің өзі де, адвокаты да мұнымен келіспей отыр. Айта кетейік, адам пышақтауға дейін ұласқан дау кілең шенділердің думанды отырысында басталған болатын.


Тергеу абақтысынан сот залына жеткізілген Мұрат Үмбетәлиев камерадан бет-жүзін жасырып әуреге түспеді. Бойында қобалжудың белгілері байқалмаған бұрынғы лауазымды полицей тым сабырлы. Өзіне тағылған айыпты да негізсіз деп отыр.


-Я с себя ответственности не снимаю. Я готов и нести уголовную ответственность, готов отвечать за свои поступки. Я прошу просто суд единственно разобраться по справедливости и по совести.


А у вас в руках был нож?


- У меня не нож, у меня был монтажный нож. Я тогда работал ночью. Я вспомнил, я тогда работал ночью.


Адвокат та қорғауындағы азаматқа қатысты «екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс жүргізілгеніне қарсы. Айтуынша, экс-полицей бұл қылмысқа қасақана бармаған. Сондықтан Үмбетәлиевті қылмыстық кодекстің жеңілірек бабымен жауапқа тартса дейді. Сондай-ақ, қорғаушының ойынша, тергеу ісі әділ жүргізілмеген. Сол себепті тергеуді қайта жүргізуді сұрап отыр.


Талғат Бейісбеков, М.Үмбетәлиевтің адвокаты:


-Тергеу әділ жүргізілген жоқ. Біздің көптеген өтініш хаттарды қанағаттандырусыз қалдырды. Облыс прокурорына да, бас прокуратураға да шағымдандық. Бірақ бәрін қанағаттандырусыз қалдырды.


Ал жәбірленушінің екеуі де бүгін төбе көрсеткен жоқ. Адвокаттың айтуынша, Бектұрғанов пен Жетпісбаев ем алуларына байланысты процеске келе алмаған. Сондай-ақ бұл екі азаматтың қорғаушысы да судьяға өтініш хат жолдады. Оған Мұрат Үмбетәлиевті ақтау мақсатындағы бейнекөріністің әлеуметтік желіде тарауы себеп болған. Яғни видеодағы мәліметтер сот процесіне кедергі келтіруі мүмкін.


Ерлан Шамұрзаев, жәбірленушінің адвокаты:


-Меніңше, бұл дұрыс жасалмаған қадам. Бұл бейнероликті таратқандары өте орынсыз. Сондықтан ютубқа және әлеуметтік желіге тараған қылмыстық іске қатысы бар видеоны өшіруді сұраймын.


Оқиға тамызда болған. Түн жарымда облыстың экстремизмге қарсы күрес пен криминалдық полиция басқармаларының бастықтары және Байзақ аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы төбелеседі. Сол кезде Мұрат Үмбетәлиев екі азаматты жаралаған. Біреуінің кеуде тұсына, екіншісінің аяғына пышақ сұғып алады. Сөйтіп, із суытып, тек бір аптадан соң әріптестеріне өзі келген еді.


-Ал өзара даудың кафеде туындағаны белгілі болды. Яғни, өңірдегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы баласының диплом алуына орай әріптестеріне мол дастархан жайған. Сол отырыста Бектұрғановқа Мұрат Үмбеталиевтің Жетпісбаевты қалжыңмен қағытуы ұнамай қалыпты. Сөйтіп екі басқарманың бастықтары ерегісіп қалған. Бірақ жағаласқандар тарап кеткенімен, соңғы екеуі Үмбеталиевті үй жағына іздеп барыпты. Бір қызығы, үш азамат та ішімдік ішпеген дейді адвокаттар.  


ktk.kz




Көрілген: 376    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 10.11.2017, 11:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28