Қылмыс

Таразда әріптестерін пышақтаған Үмбетәлиевтің ісі бойынша тың деректер шықты

  • Таразда әріптестерін пышақтаған Үмбетәлиевтің ісі бойынша тың деректер шықты

    Таразда әріптестерін пышақтаған Үмбетәлиевтің ісі бойынша тың деректер шықты

Таразда әріптестерін пышақтаған Мұрат Үмбетәлиевтің атышулы ісі жаңа қырынан өрбіп жатыр. Бұған дейін жәбірленуші ретінде танылған өңірдегі криминалдық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Ерлан Бектұрғанов пен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсел Жетпісбаевқа да қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


КТК арнасының мәлметіне қарағанда, оның жауапқа тартылуына әлеуметтік желіде тараған бейнероликтер себеп болған. Яғни жарияланған видеода тек Үмбетәлиев қана емес, Бектұрғанов пен Жетпісбаевтың да қарап тұрмағандары анық көрінеді. Тіпті қазіргі айыпталушыны үй жағына іздеп барып, оған шаубылды бірінші бастаған да соңғы екеуі екені байқалады. Қылмыстық істе бұлардың іс-әрекеттері ескерілмей, тек Мұрат Үмбетәлиев қана жауапқа тартылып жатқан. Ал енді Бектұрғанов пен Жетпісбаевтың да үстінен «бұзақылық жасау және қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.


Тамыз айында әріптестерінің думанды кешінен шыққан ішкі істер департаментінің екі басқарма бастықтары мен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы көшеде жаға жыртысқан. Соның салдарынан Мұрат Үмбетәлиев екеуін пышақтап тастаған еді. Енді сол қылмысы үшін Үмбетәлиев заң алдында жауап беріп жатыр.


"Ведомстваралық тергеу тобының нұсқауымен Бектұрғанов пен Жетпісбаевтың ісі негізгі істен бөлек облыстық ІІД тергеу басқармасына жіберілді. Соның қорытындысы бойынша осы екі азаматқа қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Бұл іс прокуратураның жіті бақылауында болады", дейді Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Бақыт Досқұлов


Атышулы оқиға Тараз қаласындағы «Арай-Плаза» ресторанының жанында болды. Үмбетәлиев Мұрат соның алдындағы отырыста бірге болған әріптесі Бектұрғанов пен бұрынғы әріптесі Жетпісбаевпен төбелескен. Төбелес кезінде екеуіне де пышақ жарақатын салып, өзі қашып кетті.


Кейіннен Мұрат Үмбетәлиевтің полицияда лауазымды қызметтер істеп жүрген кезіне қатысты түрлі фактілер жариялана бастады. 2016 жылы желтоқсанда Бас прокуратураның алдында ұлымды жазықсыз түрмеге қамады деп өзін өртеп жіберген Майра Рысманова дәл осы Үмбетәлиевке наразылық жасаған болып шықты.


Осыдан бірнеше күн бұрын марқұм Рысманованың қызы Ақмарал Ахметова Фейсбук желісі арқылы үндеу жасап, Мұрат Жетпісбаевты ұстап, жасаған істеріне лайық жазалауды сұрады.




Көрілген: 581    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 11.11.2017, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28