Қылмыс

Таразда "Бамбук" атымен танымал атышулы полицей ұзақ мерзімге сотталды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Таразда атышулы іске қатысты соңғы нүкте қойылды. Сот үкімімен өңірге «Бамбук» лақап атымен белгілі Мұрат Үмбетәлиев енді 15 жылын түрмеде өткізетін болды. Алайда экс-полицейдің адвокаты судья әділетіз шешім шығарды деп есептейді. Сондықтан апелляциялық шағым түсірмек.


Атышулы сот процесі небәрі екі айға созылды. Бүгін үкім оқылатын күні айыпталушы Мұрат Үмбетәлиевтің туыстары көптеп келді. Әрі бұрынғы процестегідей емес, қауіпсіздік күшейтіліп, күзетшілер қаптап жүрді. Ал Үмбетәлиевтің өзі еңсесін тік ұстап, қасқайып отырды. Мұнысынан өзін «сүттен ақ, судан тазамын» дегісі келгенін аңғаруға болады. Тіпті соттың қатал үкіміне де «Бамбук» селт етпеді.


Жамбыл Жұмабеков, судья:


-Үмбетәлиев кінәлі деп танылсын. Ол мүлкі тәркіленбей 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін. Әрі Үмбетәлив подполковник шенінен айырылсын.


Кеше мемлекеттік айыптаушы Үмбетәлиевті 15 жылға түрмеге жабуды сұраған. Бірақ, екі жәбірленуші Жетпісбаев пен Бектұрғанов оған кешірім берген соң жаза әлдеқайда жеңілдеуі мүмкін, тіпті ақталуы да ықтимал деген үміт болған. Бірақ олай болмады. Экс-полицейдің адвокаты тіптен ашулы. Ол Судьяның шешімі заңсыз дейді. Сондықтан апелляциялық шағым түсірмек.


Талғат Бейісбеков, М.Үмбетәлиевтің адвокаты:


-Сот үкімімен толығымен келіспейміз. Үкім заңсыз. Және негізсіз деп санаймыз. Өйткені бұндай үкім шығаруға ешқандай негіз болған жоқ. Бұндай үкім Жамбылда бірінші рет шығып тұр деп есептеймін. Өйткені өте қатаң. Ондай үкімді бәленбай жыл, бірнеше рет сотталғандарға да бермейді.


Жәбірленушілер мен олардың адвокаттары да бүгін төбе көрсетпеді.


Естеріңізге салсақ,биыл тамыздың 9-ы күні, подполковник Мұрат Үмбетәлиев криминалдық полиция басқармасының басшысы Ерлан Бектұрғанов және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы жетекшісі Марсел Жетпісбаевпен жаға жыртысып, артынан Үмбетәлиев екеуін пышақтап тастаған еді. Сөйтіп, оқиға орнынан із сутып, бірақ арада тоғыз күннен соң әріптестеріне өзі берілген. Ал пышақтасуға дейін барған дау облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Нұржан Қалметов өткізген думанды кеште туындаған.  


ktk.kz




Көрілген: 911    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.12.2017, 09:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31