Қылмыс

Таразда лауазымды полицейлердің пышақтасқан видеосы жарияланды (видео)

  • © youtube.com

    © youtube.com

Жамбыл облыстық Ішкі Істер департаментінің басшылығы түгел қызметтерінен қуылуы мүмкін. Себебі, білдей басқарма басшылары араққа сылқия тойып алып, қаланың қақ ортасында төбелескен.


Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы, Криминалдық полицияның басшысы мен аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысын пышақтап тастады. Қылмыскерлерді құрықтауы тиіс лауазымды тәртіп сақшыларының түнгі төбелесі жұрттың жағасын ұстатып отыр.



Қанды оқиға Тараздағы қымбат мейрамхананың маңында болған. Іште арақ ішіп, кейін өзара ерегісіп қалған үшеу бір-бірімен жаға жыртысады.


Мына кадрлерде Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Үмбетәлиев, Байзақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсель Жетпісбаевқа кеуде тұсынан пышақ тығып алғаны анық көрінеді. Көзі қанталаған Үмбеталиев бұнымен тоқтамай, Криминалдық полиция басқармасының басшысы Ерлан Бектұрғановты да жарақаттаған.


Қазір Жетпісбаев ауруханада, ал Криминиалдық полицияның бастығы Бектұрғанов қамауда отыр. Екеуі де қызметінен қуылған.


Ал лаңкестерді ұстауы тиіс экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Үмбетәлиев қашып жүр. Оған іздеу жарияланды.


Әзірге, лауазымды полицейлердің нені бөлісе алмағаны белгісіз.


Бұл шулы оқиғаны тексеру үшін Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов Таразға арнайы тергеу тобын жіберді.


Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:


-Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-тармағы, 99-баптың 2-тармағы бойынша , бұл өлтіруге оқталу. Бұл істі ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облыстық прокуратурасынан құралған ведомствааралық жедел-тергеу тобы жүргізілетін болады.  


ktk.kz




Көрілген: 443    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 12.08.2017, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31