Қылмыс

Таразда ұрылар 5,5 млн теңгенің алтынын қолды қылды

  • © 24.kz

    © 24.kz

Таразда зергерлік бұйымдар сататын дүкенге ұры түсті.


Қарақшылар «Ауыл Береке» базарындағы дүңгіршектен 5 жарым миллионға жуық теңге болатын алтын әшекейлерді қолды қылып, іздерін жасырмақ болған.


Жедел іздестіру нәтижесінде 24 және 25 жастағы екі жігіт ұсталды.


Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл ауданы мен Тараз қаласының қос тұрғыны кінәларын мойындап отыр. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.


Нұржан Рахметуллаев, қалалық бірінші полиция бөлімінің басшысы:


– Тергеп жатырмыз. Бұлардың қылмыстық әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір тергеу изоляторына қамаққа алынды. Басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Заңға сәйкес 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


 24.kz




Көрілген: 243    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 26.10.2017, 14:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 19:11
    Тінту тәртібі қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30