Қылмыс

«Тәртібім жақсы болды…». Адам жеп түрмеге отырған ақтөбелік босап шықты

  • «Тәртібім жақсы болды…». Адам жеп түрмеге отырған ақтөбелік босап шықты

    «Тәртібім жақсы болды…». Адам жеп түрмеге отырған ақтөбелік босап шықты

Ақтөбеде адам жегені үшін 18 жыл түрмеде жазасын өтеген тұрғын босап шықты.


20 жылға абақтыға қамалған қылмыскер 18 жылдан кейін бостандыққа шығарылған деп хабарлайды NUR.KZ.


Жантүршігерлік қылмыстық оқиға 1999 жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысының Алға қаласында болған. Бірге ішімдік ішкен төрт адам бөтелкелестерін малша сойып, пісіріп жеген. Қылмыстары дәлелденіп, 20 жылға сотталып кеткендердің алды бостандыққа шығып жатыр.


Тимур Ғабдуллин — 58 жаста. Ол Атырау облысы Индер ауданының тумасы. 1985 жылы Ақтөбе қаласына көшіп келген.


«Сол жылдары Атыраудан мамаммен Алға қаласына көшіп келдік. Ол кезде 40 жастамын. Мамам ауырып қалаға кеткенде үйде өзім қалдым. Ішпей жүрмейсің, әркіммен іштім. Қасымда 20 жастардағы балалар болды. Олар күндіз келгенде бірге іштік. Кетіп қалып, үш жігіт кешке қайта келді, өздерінің арасында төбелесті. Ол кезде кешкі сағат 11-ден кейін жарықты өшіріп тастайды. Мен ештеңені білмеймін, түнде ұйықтадым», — дейді жазасын өтеп шыққан Тимур Ғабдуллин.


Ол 18 жыл бұрынғы оқиғаны айтып берді.


«Таңертең тұрғанымда жуынатын бөлмеде аяқ-қолы, басы жоқ адамның тек денесі жатты. Қалай болғанын білмеймін. «Жігіттер, мыналарың не?», — деп сұрадым. «Братан, бәрін тазартатын боламыз», — деді. Басын қоқысқа лақтырып тастаған. Кешкілік үйге полициялар келді. Дененің қалдықтарын шығаруымызды сұрады. Балалар бөлмесіндегі керуеттің астында ала сөмкеге салынған денені алып шықтым. Сол кездегі менің жіберген қателігім сол болды, шығармау керек еді. Шығарған кезімде тырнақтың іздері қалып қойған. Айналып келгенде мен кінәлі болып шықтым», — дейді ол.


Жазасын өтеп шыққан Тимур Ғабдуллин өзін әлі күнге кінәсізбін деп жүр.


«Олар түнде бірге ішкен қастарындағы жігітті малша сойған. Негізі төрт адам болдық, мен ерте жатып қалдым.


Олар оны пісірген, жеген. Оның денесінен басқа ештеңе қалған жоқ. Полициялар басын қоқыс арасынан тапқан.


Сотта олар «сойып жейік» деген ұсынысты айтқан мен деп шығарды. Басында бәрімізді қамады. Кейін бір жігіт куәгер болып шығып кетті. Бірақ, ол өлген деп естідім. Кім өлтіргенін, қалай өлгенін білмеймін. Біреуін Ақтастағы түрмеде өлтіріп тастады. Мені 2015 жылы түрмеден шығарды. Тағы біреуі түрмеде отыр. Өзім 18 жылда бес зонада отырдым. Соңғы бес ай қалғанда Ембі қаласында өткіздім»,- дейді Тимур Ғабдуллин.


Ол түрмеден шықаннан кейін де ішімдікке салынып кеткен.


«Мен қазір тағы ішіп кеттім. Басқа не істеймін, өмірім сынып қалған. Түрмеден шыққанда апашкама бардым. Ол «бәрі қайтыс болды» деп айтты. Олар да мені адам жеген деп ойлайды. Қазір «дай-дай» болып жасаймын. Көшеде жүріп қайыр сұраймын, ішемін. Көбіне ескі қалада жүремін. Арасында арақ ішкенде тыңдамай кететін кездерім болады. Мен адам түгілі итті де жемеймін. Мойындаймын, арақты қатты ішемін», - дейді Тимур Ғабдуллин. 


Жантүршігерлік қылмыс жасаған «адамжегіш» қазір Ақтөбедегі қаңғыбастардың арасында жүр. Аяғын сылтіп басатын оның ортаңғы саусағы жоқ. Түнде баспанасы жоқ адамдарды бейімдеу орталығына барып түнеп жүр.


«Бізге 20-30 жылын түрмеде өткізіп, барлық жақындарынан айырылғандар түседі.


Кейбіреулері осы жерге түрменің заңын енгізгісі келеді. Бұл адам да бізде жатты. Ішімдік ішіп, ереже бұзғаннан кейін шығарып жібердік. Ішімдікке салынған, үнемі ішіп жүреді. 18 жыл бұрын 20 жыл алып сотталған екен. Ол адам туысқандарына да керек емес», — дейді Ақтөбе қаласындағы белгілі тұрағы жоқ және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Сабырғали Дәулетов.


kaz.365info.kz




Көрілген: 2303    Пікірлер: 0

сенбі, 16.12.2017, 22:51

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30