Қылмыс

Текелі тұрғыны кісі өлтіріп, қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген

  • © Sputnik / Андрей Стенин

    © Sputnik / Андрей Стенин

Алматы облысы полициясы кісі өлтірді деген күдікпен жас жігітті ұстады, деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.


Ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, аталмыш дерек Текеліде тіркелген. 7 қараша күні қала маңындағы қоқыс төгетін жерде жас жігіттің өртеніп кеткен мәйіті табылады. Тергеу барысында полиция жәбірленушінің кім екенін анықтаған, ол 30 жастағы қала тұрғыны екен.


Алғашқы тәулік ішінде полиция кісі өлтірген күдікті – 26 жастағы жәбірленушінің досы 1996 жылы туған құрбысымен бірге ұсталды.


"Ұсталған азаматтың түсіндіруінше, екі дос арақ ішіп отырып, араларында қыз үшін жанжал туындайды. Күдікті танысын өлтіріп, мәйіттен құтылу үшін қоқыс төгетін жерге апарып, өртеп жібермек болған", — деп хабарлайды полиция.


Күдікті қалалық полицияның қамауына алынды. Қылмысты жасырған қыз да қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.


Sputnik




 




Көрілген: 247    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 09.11.2017, 14:18

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30