Қылмыс

Телефон ұрлығымен айналысқан жігіт қолға түсті

  • Телефон ұрлығымен айналысқан жігіт қолға түсті

    Телефон ұрлығымен айналысқан жігіт қолға түсті

Алматыда телефон ұрлығымен айналысқан 19 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz.


1998 жылғы жас жігіт – оңтүстік өңірдің тумасы. Ол Алматыға бір ай бұрын келген. Күдікті қаладағы ЖОО-ларда, мектептерде телефон ұрлаумен айналысқан.


«Азамат Б. білім мекемелеріне кіріп, бөлмелерді торуылдап жүріп, орайы келгенде қараусыз қалған ұялы телефон, планшет, ноутбук сияқты жабдықтарды ұрлаған. Ол бір рет ұрлық жасаған жеріне қайтадан оралып жүрген. Сондай кездің бірінде қолға түсті», - дейді Медеу аудандық ІІБ басшысы Есен Ысқақов.


Жауап алу барысында күдікті қылмысқа басқа біреудің ықпалымен барғанын айтқан.


«Жігіт өзін қылмысқа басқа адамның итермелегенін, ұрлаған заттарын сол адамға апарып беріп, сыйақысын алып тұрғанын айтты. Қазір оның 20 шақты қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді. Және бұл бір ауданда ғана болған оқиға. Күдікті қаланың басқа жерлерінде де ұрлық жасаған болуы мүмкін», - деді полиция бөлімінің басшысы.


Айым СӘДУАҚАСОВА


 


 




Көрілген: 564    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 19.05.2017, 16:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31