Қылмыс

Теміртауда ер адам екі жасар қызын айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінді

  • © 3llmnews.com

    © 3llmnews.com

 Қарағанды облысының Теміртау қаласында екі жасар қыз өлтірілген. Басты күдікті ретінде қыздың туған әкесі, Ресей тумасы қарастырылып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Прокурордың жасаған айыптау актісі бойынша 2015 жылғы қыз баланы соққыға жығып, буындырып өлтірген.


"2017 жылы 27 шілдеде күдікті қызымен Теміртаудағы пәтерінде болған, ер адам ішімдік ішіп отырған. Әкесін тыңдамағаны үшін ашуға булыққан ер адам сәбиді өлтіруді ұйғарған. Сол кезде ол баланың басынан, бетінен, иығынан, іш құрылысынан және аяқ-қолдарынан ұрған. Ары қарай өзінің қылмыстық ойын іске асыру үшін қызды жерге жатқызып, мойнынан аяғымен буындырып, ауа жетпестей етіп қысқан", - делінген іс материалында.


Сот-медициналық сараптамасы бойынша, нәресте механикалық асфиксиядан, яғни буындырып өлтірілгені анықталды.


"Іс бізге таяуда ғана түсті және судья Исламхан Есенбаевқа берілді. Іс бойынша алдын ала тыңдалым тағайындалды", - деді сот баспасөз қызметіндегілер.




Көрілген: 661    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 16:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31