Тінту тәртібі қандай?

Тінту тәртібі қандай?

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қандай тәртіпте жеке тұрғын үйлер мен адамның өзін қарап, тексеріп, тінте алады? Оның заңдылығын қалай біле аламын?
А.Таласов,
Шымкент қаласы

Бұл құқықтарыңыз бұзылған жағдайда сотқа немесе прокуратураға жүгінуге болады. Конс­титуция бойынша тұрғын үйге қол сұғылмайды. Бірақ, мынадай бір ескерту бар – тексеру және тінту жүргізу үшін тұрғын үйге кіруге жол беріледі, бірақ, қызметкерлер сіздің тұрғын үйіңізге кіру және тексеру немесе тінту жүргізу үшін, оларда тергеу судьясының тиісті санкциясы болуы тиіс. Мынаны білуіңіз керек – бұл әрекеттер тергеп­тексерілетін қылмыстық іс шеңберінде ғана
жүргізілуі мүмкін. Сондықтан, бірінші кезекте тергеу судьясы санкция берген қарап­ тексеру, тінту жүргізу қаулысын міндетті түрде сұраңыз. сондай­ақ, заңда соттың рұқсатынсыз тұрғын үйді қарап­тексеру немесе тінту жүргізілуі мүмкін ерекше жағдайлар қарастырылған. Егер су­дьяның санкциясы болмаса және қызметкер ерекше жағдайларға сілтеме жасаса, қаулыны мұқият оқып танысыңыз. Бұл қаулыда тергеу судьясының санкциясынсыз аталған тергеу әрекеттерін
жүргізудің негізі көрсетілуі тиіс. Бұл ретте, одан кейін материалдар міндетті тәртіпте бір тәулік мерзімінде прокурорға жолданады. Прокурор, оларды дереу тексереді және заңдылықты тексеру үшін тергеу судьясына жібереді. Егер
прокурор қарап  ­тексеру немесе тінту заңбұзушылықтармен жүргізілгенін анықтаса, материалдар тергеу судьясына жіберілмейді және оның заңсыздығы туралы дәлелді қаулы шығарылады. Тергеу судьясы жүргізілген қарап ­тексерудің немесе тінтудің заңдылығын тексереді және оның заңдылығы немесе заңсыздығы туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалдарына қоса тіркеледі. Егер жүргізілген қарап­тексерудің заңдылығы туралы шешім қабылданса, оның нәтижелері іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберілмейді. тұрғын жайды қарап­тексеру немесе тінту кезінде, онда тұратын кәмелетке толған адам (бұл мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның өкілдері), ғи­марат пен ұйымның аумағында олардың әкімшіліктерінің өкілдері қатысуы керек.

Алаш айнасы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста