Қылмыс

Түркістан қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті Түркістан қалалық сотының төрағасы О.Н.Серікбаевты ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


«Күдікті сотталушының жазасын жеңілдетіп беремін деп, оның танысынан 3 млн теңге алған. Енді О.Н.Серікбаев жасаған қылмысына қатысты жинақталған дәлелдерге сәйкес ҚР ҚК 190 бабының 3 бөлімі, 1,2 тармақтары бойынша жауапқа тартылатын болады»,-деп жазылған хабарламада.


22 желтоқсан күні Астана қаласының Есіл аудандық сотының санциясымен О.Н.Серікбаев қамауға алынды.


Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

сенбі, 23.12.2017, 17:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 12:49