Қылмыс

Түркістан облысында 26 жастағы жігіт көршілеріне оқ жаудырған

  • © ОО ОСА

    © ОО ОСА

Түркістан облысының Түлкібас ауданында 26 жастағы жігіт көршілеріне оқ жаудырған. Салдарынан 24 жастағы жігіт және екі жасар сәби дене жарақаттарымен ауруханаға түскен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Анықталғандай, көршілес жігіттер арасында бұған дейін де бас араздық болған.


1 қазан күні екеуі де өз көліктерінде келе жатып, жолда кезігіп қалады. Осы кезде арада бірден кикілжің туып, бір-бірін балағаттай бастаған.


1992 жылы туған күдікті көлігінен "Оса" атыс қаруын алып шыққанда, жәбірленуші жігіт көлігіне отырып, қаша жөнеледі.


Ашуға булыққан азамат қайтпай соңынан қуып барып, көршісінің отбасы мүшелеріне оқ жаудырған.


Оқиғадан кейін 1994 жылы туған жігіт пен екі жасар сәби дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Екі жасар бүлдіршіннің атылған оқтан қолы жарақаттанған. Қазір екеуіне де дәрігерлер қажетті ем-дом жасауда.


Айта кетейік күдікті қамауға алынған. Оған қатысты Түлкібас аудандық сотының санкциясымен екі айға қамауға алу туралы қаулы шыққан.


Күдіктіге қасақана кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылуда. 




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.10.2018, 20:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31