Қылмыс

Түркістан облысында диқандарға оқ атқан екі күдікті қамауға алынды

  • © Otyrar.KZ

    © Otyrar.KZ

Түркістан облысында диқандарға оқ атқан екі күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шарадара аудандық сотының кеңсесіне сілтеме жасап.


Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқан уақытта күдіктілер тергеу изоляторында қамауда болады.


"Бүгін екі ер адамды қамауға алу туралы санкция берілді. Оның бірі 1987 жылғы, ал екіншісі 1993 жылғы. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылды", - делінген кеңсе хабарламасында.


Қамауға алынғандарға Шардара ауданында жүк көлігіне қауын басып жатқан кезде атыс шығарды деген айып тағылды.


Оқиға өткен жұмада шамамен 11-лерде болған. Қауынды басып жатқан кезде, бірінші делдалдар арасында төбелес шыққан. Кейін олардың бірі кетіп қалып, бір сағаттан соң қаруланған адамдармен қайтып келген. Атыс кезінде 22 жастағы жұмысшыға оқ тиіп, ол оқиға орнында қайтыс болды.


"Төбелес кезінде делдалдардың біреуі екіншісінің басын жарып кетіп қалған. Оған жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оған көмек беріп жатқан уақытта, ренжіп кеткен адам бес автокөлікпен адам алып келген. Олар бірден шыға салып, оқ ата бастаған. Үш оқ менің немереме тиген. Ол онда кездейсоқ жүрген. Негізі ол қосымша ақша табайын деп шыққан, ал екі аптадан соң біздің мектепке мұғалім болып жұмысқа орналаспақшы болған еді", - дейді қайтыс болған жігіттің атасы Құрбанқұл Қорымбаев.


Полицейлер оқ атқан тапаншаны тәркілеген, ол тіркелмеген болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

 




Көрілген: 184    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.09.2018, 15:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31